Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

ЭКСПО-ның жемісі: жыл соңына дейін Қазақстанда қолданысқа 9 эко-технология енгізіледі

188

Шикі мұнайды өңдеу көлемі 6,3 млн тоннаны құрап, 2017 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, 6,2 процент өсімді көрсетті. Мұнай экспортын 1,4 процентке өсіру көзделсе, ол нақты 5,7 процентті құраған.

Газ өндіруді 0,8 процентке өсіру жоспарланса, шын мәнінде, оны өндіру 6,4 процентке артқан. Сұйытылған және тауарлық газды өндіру саласында да осындай өсім орын алып, оң жағадай қалыптасқан. Жоспардағы 3,4 және 1 проценттің орнына өсім тиісінше, 4,7 және 7,6 процентті құраған.

Қара алтынның үш кеніші

Министр мұнай өндіру көлемінің арта беретінін жеткізді. Энергетика ведомствосындағылар күтіп отырғандай, 2025 жылға қарай, мұнай өндіру көлемі жылына 104 млн тонна деңгейіне дейін көтерілмек. Осы мақсатта үш ірі мұнай кеніштерінде — Теңізде, Қарашығанақ пен Қашағанда — мұнай өндіруді одан ары ұлғайту мен ұзарту жөніндегі жұмыстар атқарылып жатыр.

2024 жылға қарай, Қарашығанақта мұнай өндіруді одан ары қарай кеңейту жобасы бойынша мұнай өндіруді жылына 13 млн тоннадан 16 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Осы жобаны жүзеге асыру басталған 1998 жылдан бері Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік-инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған инвестиция көлемі 570 млн АҚШ долларын құрады.

Жалпы, әлеуметтік-инфрақұрылымды дамытуға жыл сайын 50 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржы бөлу дәстүрі жалғасын тауып келеді.

Ал Қарашығанақты игеру мәселесіне келетін болсақ, болашаққа арналған жоспарда мұнай өндірудің қазіргі көлемін сақтау қарастылыған. Ал бұл дегеніңіз, газ өндіру қуаттарын модернизациялау, төртінші сығымдағышты, яғни компрессорды және бесінші ішкі өндіріс құбырын салу деген сөз. Жүзеге асыру мерзімі — 2020 жылға дейін, ал оған жұмсалатын қаржы көлемі 1,5 млрд АҚШ долларынан асып жығылады.

Қарашығанақ кенішін игеру жылдарында Батыс-Қазақстан облысының әлеуметтік-инфрақұрылымын дамытуға, шамамен, 342 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржы жұмсалды.

Қазіргі таңда кенішті кеңейту жөніндегі болашақ жоба аясында Теңізде 30 мыңнан астам қазақстандықтар еңбек етуде. Жоба аясындағы инвестия, шамамен, 38 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Екі жыл ішінде осы соманың тек 11 млрд АҚШ доллары көлеміндегі сомасы игерілді. Жоспар бойынша 2018 жылы 7 млрд АҚШ  доллары көлеміндегі қаржыны игеру керек. Күтіліп отырғандай, 2022 жылдан кейін, Теңіздегі мұнай өндіру қазіргі 27 млннан жылына 39 млн тоннаға дейін артатын болады.

1993 жылдан бері Теніззшевройл Атырау облысының халқына арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,5 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қаржы жұмсалды.

Жалпы, Атырау облысыының әлеуметтік-инфрақұрылымын дамытуға жылына, шамамен, 25 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржы бөлу дәстүрі жалғасын табуда.

Жер қойнауын игеру жеңілдей түсті

Жер қойнауы туралы кодекс жер қойнауын пайдалануға беру мәселесін елеулі түрде жеңілдете түсті: жобалау құжаттарын қарау мерзімі қысқарды (контракт 40 жұмыс күні мерзіміне дейін қаралады), әкімшілік тосқауылдары да жұмсартылды (құқытық, экономикалық сараптама, контракт жасауға қажеті жобалау құжаты алынып тасталды).

2018 жылы жер қойнауын пайдалану құқығын беретін конкурстарды өткізу жалғасын таппақ. Бірінші жартыжылдықта Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарындағы көмірсутегі шикізаты бар жер қойнауының 11 учаскесі конкурсқа шығарылды. Конкурс нәтижелері бойынша контрактілер Жер қойнауы туралы жаңа Кодекстің нормалары бойынша жасалатын болады.

Тағы да мұнай өңдеу зауыттары туралы

2018 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын модернизациялау аяқталады. Аталмыш зауытта өңделетін мұнайдың жалпы көлемі 1 млн тоннадан астам мөлшерге дейін көтеріліп, 16 млн тоннаны құрайтын болады.

2018 жылдың басында Кедендік одақтың Техникалық регламенті күшіне енді. 2018 жылғы шілдеден бастап, көлікке арналған жанармай сапасы К-4 және К-5 экологиялық сыныптарына сәйкес болуға тиіс.

2018 жылы үш мұнай өңдеу зауыттарында енгізілетін жөндеуді басқаруды автоматандыратын жүйе (ТОРО) мұнай өндіретін зауыттарды жыл сайынғы жөндеу мерзімін 45 тәуліктен 20 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан былай, зауыт жұмысын 45 тәулікке тоқтату үш жылда бір рет жүзеге асырылатын болады. Әр мұнай өңдейтін зауыттағы өңделетін мұнай көлемі орташа есеппен жылына қосымша 300 мың тоннаға артатын болады.

Жанармай бәріне жетеді

Соңғы бес айда нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бензин бойынша 84,8 процентті, дизельдік отын бойынша 95 процентті, авиация керосині бойынша, шамамен, 36 процентті құрады. Жанармай тапшылығына жол бермеу мақсатында Энергетика министрлігі тәулік сайын мұнай қоймаларындағы жанармай қорына және жанар-жағар майы импортына мониторинг жасап отырады.

Ал жанар-жағар май бағасы мәселесіне келетін болсақ, Global Petroleum Prices халықаралық агентігінің рейтингісіне сәйкес, ағымдағы жылғы 11-маусымдағы жағдайға сәйкес, Қазақстан бензині ең арзан елдер арасында 12 орынға табан тіреген. Бензинің арзандығы бойынша біздің республика әлемдегі 167 мемлекет арасында 15 орында тұр.

Біздің елге қарағанда, бензин Сауд Арабиясы, Араб Әмірліктері, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан сияқты мемлекеттерде қымбат. Біздің елге қарағанда, бензин тек 11 елде арзан, атап айтқанда, Венесуэлада, Иранда, Кувейтте, Түркменстанда. Дизельдік отын 14 елде арзан, атап айтқанда, Венесуэлеада Иранда, Сауд Арабиясында, Әзірбайжанда, Түркменстанда. Рейтинг ай сайын түзіледі.

Мұнай өңдейтін жаңа зауыт салу мәселесіне келетін болсақ, алдын ала технико-экономикалық негіздеуді дайындау үшін жұмыс тобы құрылды. Екінші жартыжылдықта зауыт ораналасатын жер, оның параметрлері мен қаржыландыру тетіктері анықталатын болады.

Көгілдір отын жеткізілуде

Қазіргі уақытта елімізді газдандыру деңгейі 47,4% құрайды, 1320 елді мекен газға қол жеткізді. Өңірлерді дамыту трансферттері шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен, шамамен, 13 млрд. теңге бөлінуде.

Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының арқасында  Астана мен солтүстік өңірлерді газдандыру мәселесі шешілетін болады.

«Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы бойынша жобаны іске асыруды бастау ағымдағы жылдың шілдесіне жоспарлануда.

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды –Теміртау – Астана» бағыты бойынша 1-ші кезең 2019 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады. Ұзындығы 1081 км 1-ші кезеңнің құны – 267,3 млрд. теңгені құрайды.

Магистральды газ құбырының бірінші кезеңі 171 елді мекенді қамтып, 2,7 млн адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етеді.

Елорда тұрғындары үшін газды ең алдымен «Көктал-1,2», «Теміржол», «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын кешендерінің оң және сол жақтарына, сондай-ақ 1, 2, 3  жылыту орталықтарына, яғни, ТЭЦ-теріне жеткізу жоспарланып отыр.

Инновациялық өндіріс

Еліміздегі битум өндірісі ылдан жылға арттырылып, ішкі қажеттілік толығымен қамтамасыз етілді. Мәселен, 2017 жылы 731 мың тонна битум өндірілді, бұл 2016 жылғы деңгейден екі есе артық. 2018 жылы битум өнірісін екі есе ұлғайтып, 750 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, энергетика министрі мұнайгаз-химия саласының дамуына үлкен мән беріліп отырғанын атап өтті. Мәселен, мұнайгаз-химия  өндірісін ұйымдастыруға жағдай жасау мақсатында соңғы жылдарда қолданыстағы заңнама айтарлықтай жетілдірілді.

Жылына 500 мың. тонна полипропилен және 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Полипропилен өндіретін жоба қазіргі таңда салынып жатыр, оның құрылысы 2021 жылы аяқталмақшы.   Жобаны жүзегее асыру, шамамен, 9 млрд. АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ халықты еңбекпен қамтуға оң әсерін тигізеді. Мәселен, құрылыс кезеңінде 10 000 және кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 1 000 жұмыс орны пайда болады.

Электр энергиясы секторында тұтынудың өсуі аясында электр энергиясын өндіру алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,7 процент өсімді көрсетті.

2018 жылдың соңына қарай, «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» өңіраралық жобасының 500 кВ желісі құрылысының II-ші кезеңі толығымен аяқталады. Жоба Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған.

Ал полиэтилен өндіру жобасына келетін болсақ, қазіргі таңда стратегиялық  әріптес  – Borealis австриялық компанисымен бірлесіп, техника-экономикалық негіздеу дайындалуда. Жобаны аяқтау мерзімі —2018 жылдың соңы. Екі жоба бойынша инвестициялар көлемі 9 млрд АҚШ долларынан астам қаржыны құрап отыр.

Құрылыс кезінде, шамамен, 10 мың жұмыс орны ашылатын болса, өндіріс орны іске қосылғаннан, кейін тағы 1000-нан астам жұмысы орны ашылмақ. Алдын ала болжауларға назар аударсақ, екі жобаның жалпы ішкі өнімге қосатын үлесі 1,5 процентке тең болады деп, бағалануда.

Жасыл энергетика — табысты болашақтың кілті

Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау саласында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында инвестициялар тарту және технологиялар енгізу үшін заңнамалық деңгейде қолайлы жағдай жасалған.

Осы мақсатта Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкімен Қазақстандағы жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыру мақсатында банк тарапынан 200 млн еуро бөлу жөніндегі келісімге қол қойылса, тағы 480 млн еуро инвестициялар түріне тартылатын болды.

Жасыл климаттық қоры Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыруды қаржыландыру үшін 110 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуді қолдады.

Қазіргі таңда республикада жалпы қуаты 352 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 58 нысаны бар. Ал 2018 жылы жалпы қуаты 138 Мвт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Мамырдың соңы мен маусымның басында жалпы қуаты 245 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің жобалары үшін алғаш рет халықаралық аукциондық сауда-саттықтар өткізілді. Міне,осы осы аукциондарға Ресей, Франция, Болгария, Турция, Қытай және Қазақстан сынды алты елден жалпы саны 53 компания қатысты. Қатысушылар қосынды қуаты 960 МВт болатын тапсырыстар ұсынды, ал бұл дегеніңіз сұраныстан төрт есе көп.

Нәтижесінде, жел электростанцияларындағы тариф 20, шағын гидроэлектростанциялардың электрэнергиясы —  23, күн энергиясы — 25,5 процентке төмендеді. Қазіргі таңда 19 компания жалпы қосындысы 194 МВт болатын   жаңартылатын электрэнергиясы бойынша бірыңғай сатып алушымен контрактке қол қоюға мүмкіндік алды.

2018 жылғы қазанда күзгі аукциондық сауада-саттық өткізу жоспарланған, осы аукциондарда сатып алынатын қуаттылық 755 МВт мөлшерінде белгіленіп отыр.

 

Энергетика министрі жаңа Экологиялық кодексті әзірлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Министрлік табиғат пайдаланушылар қызметінің ерекшелігін ескере отырып, тексерулер санын екі есеге жуық азайтуға мүмкіндік беретін қоршаған орта саласындағы тәуекел деңгейін бағалау жүйесін енгізді: нәтижесінде, тексерістер 2016 жылғы 3177-ден 2017 жылы 1753-ге дейін төмендеді.

Сонымен қатар, энергетика министрі жасыл технологияларды пайдалануда бизнесті ынталандыруға ерекше көңіл бөлінетініне басты назар аударды. Мәселен, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өткеннен кейін, 105 шетелдік, 28 отандық технологиялар іріктеліп алынды.

Атап айтарлығы, олардың 98 жүзеге асыру үшін әкімдіктер мен ұлттық компаниялар таңдаған. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қарағанды областарының әкімдіктері тоғыз технологияны қолданысқа енгізіп үлгерді.

2018 жылдың соңына дейін ЭКСПО көрмесінің тағы тоғыз технологиясын енгізу белгіленіп отыр.

Басымды бағытың бірі — кәдеге жарату

Қалдықтарды басқару саласында өңделген және кәдеге жаратылған қалдықтардың үлесі 31 процентті, тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) – 9 процентті құрады. Сонымен бірге, 2015 жылдан бастап, өндірістік қалдықтар бойынша аталған индикатор 1,3 есеге, ТҚҚ – 5 есеге өсті. 2018 жылы өндірістік қалдықтарды өңдеу үлесін 32, ал ТҚҚ – 11 процентке жеткізу жоспарлануда.

Қалдықтарды жинау және көлікпен әкету қызметімен ел халықының 69 проценті қамтамасыз етілген. Тиісті экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келетін полигондар үлесі 16 процентті құрайды. Әкімдіктер бизнесті кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша кешенді шаралар дайындауда.

Қазіргі таңда қалдықтарды бөлек жинаудың түрлі кезеңдері 40, ал сұрыптау –19 елді мекендерде енгізілген. Қазіргі таңда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, оны сұрыптау және қайта өңдеу бойынша елімізде 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істеуде. Міне, осы кәсіпорындар екінші шикізаттан өнімнің 20-дан астам түрін шығаруда.

Алматыда мемлекеттік-жеке серіктестік аясында Алатау ауданында тәуліктік қуаттылығы 1500 тонна қоқыс сұрыптау кешенін салу қарастырылған. Құрылысты аяқтау мерзімі 2018 жылдың екінші жартыжылдығына белгіленіп отыр.

Оралда ICM Recycling фин компаниясы 2018 жылы қоқыс сұрыптау кешені жобасының құрылысын бастады. Қазіргі таңда коммуникацияларға қосылу жөнінднгі жұмыстар жүргізілуде. Ал Қарағандыда SETCleanTech деп аталатын тағы бір фин компаниясы «ГорКомТранс города Караганды» ЖШС-мен бірлесіп, синтез-газ өндіретін қалдықтарды өңдейтін  жобаны жүзеге асыруға кірісіп кетті.

Қалдықтарды кәдеге жарату ісінде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері механизімін енгізу өңдеуге түскен қалдықтарды игеру ісіне елулі үлес қосты. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін енгізу кезінде (2016-2017 жылдар) 136 мың тонна қалдықтар жиналып, өңделді. Өңдеушілерге 5 млрд теңгеден астам қаржы ақы ретінде төленді.

Құрамында сынап бар лампалар мен батарейкаларды жинау үшін 1 млрд теңгеге 2-нан астам  арнайы контейнерлер жасалды. Қазіргі таңда бұл контейнерлер әкімдіктерге берілді. Жеке және заңды тұлғалардан кәдеге жарату үшін жалпы сомасы 5,6 млрд теңгені құрайтын 40 мыңға жуық автомобиль сатып алынды.

2018 жылы электр жабдығын сатып алуға, тасымалдауға және қайта өңдеуге 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Сондай-ақ 2018 жылы еліміздің жеті елді мекенінде – Шымккент, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ Алматы облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында сұрыптау желісін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Табиғатты аялайық

Қазіргі таңда тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыс жалғасын табуда. Мәселен, қазіргі кезде республика меншігінде тарихи қалдықтардың 15 нысаны бар. Олардың үшеуі жойылды, атап айтқанда, Қарағандыдағы құрамында сынап бар қалдықтар, Қостанай облысы, Тоғызақ ауылындағы  улы химикататр. Жалпы, осы жобаларды жүзеге асырудан республикалық бюджетке 94 млн теңге шамасындағы қаржы түсті.

2018 жылы Қазақстанның Энергетика министрлігі Қарағанды облысы Теміртау электрметаллургиялық комбинатындағы химиялық сұйық қалдықтарды жоюды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, ведомства мамандары Қостанай және Маңғыстау облыстарындағы иесіз жатқан қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін және олардың құнын бағалайды, сондай-ақ Қарағанды облысындағы  қауіпті цезий-137 көмілген жерге де тексеру жүргізіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз