Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Экс-күйеуі Шахизаданы алдап, төрт қабатты зәулім үйін тартып алған

101

Бұрынғы күйеуінің азаматтық арына сын болсын деп қана, әнші бұл істі жылы жауып қойған. Мәдина Сәдуақасова да жиі алданады. Соңғысында, «Бақай» тобымен бірігіп концерт өткізіп, қомақты қаламақы қолтықтап қайтуы тиіс еді.

“Бес мың адамдық зал толған, ал бізді шақырған әйел кісі жоқ. Телефондары сөніп қалған. Бізді концертке апаратын адам да жоқ. Біз концертке барамыз ба, бармаймыз ба ол кісіге бәрібір болып тұрды. Бізді алдап кеткенін түсіндік”, – дейді Мәдина.

Ақыры, абыройлары айрандай төгілмес үшін сахнаға шығып, концертті тегін өткізген. Ал, Айқын болса қорлықты қаржылық пирамидалардан көрдім деп қынжылады.

“Бизнес ашамыз, мың доллар салсаң, екі жетіден кейін мың жарым доллар болады деп шақырды. Енді, ол алаяқтық емес, сондай финансовый пирамидаларға жолыққан кездерім болды”, – дейді Айқын.

Тым сенгіш жұлдыздар қаскөйлердің құрығына жиі ілігетіндерін жасырмайды. Бірақ, бірде-бірі алаяқтардың артына шырақ алып түсіп, жазалау жәйін ойламапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз