Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Экс-депутат Ерасыл Әбілқасымовтың қызы Тамара Дүйсенованың орнын басты

398

https://kaz.365info.kz/otirik-bari-eks-ministr-kharagysova-zhalakhyga-khatysty-symdykh-malimdeme-zhasady-301102

Бақытжан Сағынтаев жаңа министрге және министрлік ұжымына Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойған міндеттерін орындау бойынша тапсырмалар берді.

Мәдина Әбілқасымова Ерасылқызы 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мәдина Әбілқасымова, жаңа министр

2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған. Түрлі жылдары Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры болып еңбек еткен.

2006 – 2008 жылдары Мәдина Әбілқасымова ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары болған, одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалған.

2011 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы ақпанға дейін ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымын атқарған. 2012 жылдан бастап – Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары.

https://kaz.365info.kz/ministr-abu-dabi-gimaratyndagy-dauga-khatysty-tysinikteme-berdi-300959

2013 – 2014 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2014 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз