Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Экономика үшін отандық банктер пайдасыз

211
фото: baq.kz

Ұлттық Банктің экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына жүргізген кезекті конъюнктуралық сауалнамасының деректерінен көрініп отырғандай, кәсіпорындар үшін қолайлы кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері нақты мөлшерлемелерден айтарлықтай ерекшеленеді.

Респонденттер үшін теңгемен берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме 5,6%-ды, валюталық несиелер бойынша – 2,4%-ды құрауы тиіс. Сонымен қатар несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелер екінші тоқсанда теңгемен берілетін несиелер кредиттер бойынша 11,4%-дан 11,7%-ға дейін және валюталық қарыздар бойынша 5,5%-дан 6,1%-ға дейін көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке несие ресурстарының экономика үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Алайда, өсіп келе жатқан инфляцияға қарсы күресте Қазақстанның орталық банкі ақшаның бағасын арзандатудың орнына оның бағасын көтеріп, кері бағаммен жүруге мәжбүр болды.

Бұл ретте Ұлттық банк Ресейлік Орталық банкке қарағанда тұтыну бағаларының өсуіне ықпал етуге кешігіп қалғаны анық. Өйткені ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін өзінің базалық мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстады. Естеріңізге сала кетейік, ол кезде Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі 9%-дан 9,25%-ға дейін көтерілген болатын. Қыркүйек айының ортасында ол 9,5%-ға, ал қазан айының соңында 9,75%-ға дейін көтерілді. Содан кейін жылдық инфляция 8,9% деңгейінде тұрақтанды.

Теңгемен берілетін несиелер бойынша мерзімдері мен мөлшерлемелері

Шетелдік валютамен берілетін несиелер бойынша мерзімдері мен мөлшерлемелері

Тек үлкен қажеттілік үшін

Несиелеудің баға шарттары (мөлшерлемелер деңгейі, қосымша комиссиялар мөлшері) ғана емес, сондай-ақ несиенің ең жоғары мөлшері мен мерзімін, қарыз алушының қаржылық жайдайының және қарыз бойынша қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды қамтитын бағадан тыс бағалары да теріс болып қалды.

Сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың көпшілігі (56,1%) үшінші тоқсанда банктерге ешқандай қарызы жоқ деп мәлімдегені таңқаларлық емес. Ал қарыз алушыларда борыштық жүктеменің орташа арифметикалық сараланған мәні 13,5%-ды құрады, бұл ретте қарыз алушы кәсіпорындардың көпшілігінің (15,8%) 20% шегінде борыштық жүктемесі бар.

Негізінен банктік несиелер айналым қаражатын қаржыландыру үшін тартылды (материалдарды, шикізатты, жартылай өнімдерді және т.б. сатып алу) — бұл туралы сұралғандардың 85,1%-ы хабарлады. Олардың тек 8,3%-ы ғана негізгі қаражатты сатып алуға (ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдарын, жабдықтарды және т.б. сатып алу) алды. Респонденттердің 2,3%-ы несиені қайта қаржыландыру мақсатында, 1,7%-ы бизнесті кеңейтуге алған.

                                               Несиелеудің баға шарттары


                                             Несиелеудің бағадан тыс шарттары

Үшінші тоқсанда сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың тек 17,9%-ы ғана несие алу үшін банкке жүгінді, бұл ретте 17,3%-ы ғана несие алды, олардың 0,6%-ына несие беруден бас тартылды.

Ағымдағы тоқсанда респонденттердің 15%-ы несие алуға өтініш білдірмек, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 22%, тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі – 9%.

Теңгеге сұраныс жоқ

Жақында өткен Қаржыгерлер Конгресінде айтылған отандық экономиканы рубльдендіруге келетін болсақ, бұл күткеніміздей, импорттаушыларға көбірек әсер етеді, өйткені респонденттердің 86,1%-ы ресей рублін пайдаланады.

Ал экспорттаушылар шетелдік серіктестермен есептесуде америкалық долларды жиі пайдаланады – бұл туралы сауалнамаға қатысқандардың 74,5%-ы мәлімдеді. Доллардан басқа, сыртқы сауда есептеулерінде кәсіпорындар британдық фунт стерлинг, швейцариялық франк, қырғыз сомы және түрік лирасын пайдаланады.

Мұндай теңестіру істің нақты жағдайына қаншалықты сәйкес келетінін анықтау қиын, өйткені сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (56,7%) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырмаған. Үшінші тоқсанда өз қызметін жүзеге асыру үшін өнімді импорттаған кәсіпорындар 27,2%, экспорттаған кәсіпорындар – 6,4%, экспорт пен импортты жүзеге асырған кәсіпорындар – 9,7%-ды құрады.

Бұл ретте өнімді экспорттаған кәсіпорындардың ең көп үлесі тау-кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі — 23,1%, ал импорттаушылар бойынша ең көп үлес саудаға – 47% тиесілі болды.

     Есептеулерде валютаны пайдалану, кәсіпорындардың үлесі, %-бен

Үшінші тоқсанда теңгенің айырбастау бағамы салыстырмалы түрде тұрақты болғандықтан, айырбастам бағамның негізгі түрлері — АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі және Қытай юані бойынша валюта бағамдары өзгеруінің кәсіпорындардың экономикалық қызметіне теріс әсері қисынды түрде төмендеді.

Бұл ретте, сауалнама бергендер өздерінің шаруашылық қызметіне юань бағамының теңгеге қатысты өзгеруінен ең төмен әсер болғанын мәлімдеді. Өткен тоқсанда валюталардың айырбастау бағамының өзгеруінен оң әсерді экспорттаушы кәсіпорындардың басым бөлігі көрсетті, ал теңге бағамының рубльге қатысты өзгеруі теріс әсер еткен.

Айырбастау бағамының экспорттаушылардың 3-тоқсанындағы шаруашылық қызметіне әсері 

Айырбастау бағамының импорттаушылардың 2021 жылдың 3-тоқсанындағы шаруашылық қызметіне әсері 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз