„Екіқабат қып беремін„. Желіде бір жігіт осындай қызмет түрін ұсыныпты. Өз қызметін 500 мың теңгеге бағалаған. Бірақ қызметін тұтынушыға қоятын өз талаптары да бар екен.
INSTAGRAM желісіндегі @almatstop паблигінде жарияланған бұл жарнамада көрсетілген талаптың бастысы – екіқабат қылатын әйелдің ажарлы болуы.
“Жалғызбасты көрікті келіншектерге бала көтеруге көмектесемін. Бойым – 186 см, салмағым – 80 келі. Қой көз, қоңыр-қара түсті шаш„ деп жазылған жарнама мәтінінде.
Желі қолданушылары ұрығын, бір сөзбен айтқанда баласын сатқан жігіттің бұл қылығын тексіздікке балап, мұндайдың алдын алуды ұсынған. Ал тағы бірі оны қолдаған:
„Оң жақта отырып қалған кәрі қыздар көп. Тұрмысқа шыға алмаса да ең құрымағанда бала сүйсін деп ата-анасы жаны ашып жатады. Сонда баланы күлге аунап туа ма? Дұрыс, өстіп жігіттер ыңғай білдірмесе, олар отыра береді„.
Ал біреуі қалжыңдап, жігітке қызметінің арзан екенін жазыпты:
https://kaz.365info.kz/tosekte-zhezokshemin-baskha-yltkha-tyrmyskha-shykhkhan-khazakh-khyz-oz-khypiyasymen-bolisti-317187
„Масқара, Алматының кәрі қыздары таласып жатқан шығар өзіне. Қызметін арзандау екен ә„