Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Екіге бөліңдер!..”. Танымал ғалым биліктің Түркістанға қатысты жоспарын айтып қойды

298

Әрине, менің мегажобамда Түркістан облыс орталығы ғана емес, бүкіл түркі әлемінің астанасы ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл әлі бастамасы ғана. Әлі атқарылатын жұмыс көп. Үкімет жобаны толықтай қамти ма, ол жағы белгісіз. Белгілісі, Түркістан түркі әлемінің орталығы екені даусыз, Ұлы Жібек жолында жатқан қала екені нақты. Сондықтан оны дамыту керек. Мұны Үкімет жақсы түсініп, қолдап, бел шеше кірісіп жатыр, – дейді Оразалы Сәбден.

Оразәлі Сәбден, академик

Демек, Түркістан қаласын әлі талай өзгеріс күтіп тұр. Сонда қандай? Әрине, оған миллиардтаған қаржы бөлінеді. Мұны академиктің өзі айтады.

Егер Оразалы Сәбденнің мегажобасы бойынша Түркістанды ары қарай дамытатын болса, онда Үкіметтен 8,5 млрд теңге бөлінуі тиіс.

– Бұл Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қолға алынып жатқан іс екені даусыз. Онда да оның мазмұны өте терең. Өйткені Түркістанның дамуы тек Қазақ елі үшін емес, бүкіл түркі әлемі мен мұсылман қауымы үшін өте қажет нәрсе. Сондықтан қаланы көркейту халықаралық маңызды қамтиды, үлкен алты кластерден тұрады Оған 8,5 млрд теңге бөлінуі тиіс деп есептедік.

https://kaz.365info.kz/biz-abden-zhenilgen-yltpyz-tarihshy-mambet-khojgeldi-306042

Біріншіден, Түркістанды кеңейтіп, жаңасы салынады, ал ескісін Тәж-Мақал секілді қасиетті мекенге айналдыру. Онда да ескісіне көне стилдегі хан (түркі қағандарының) сарайларын салып, түркі өркениетін тоғыстыратын әлемдік музей қалаға айналдыру.

Екіншіден, Түркістанда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан зауыттарды жаңа технологиямен жабдықтап, қайта жаңғырту.

Үшіншіден, екі қаланың ортасынан ХХІ ғасырдың ауыл кластерін жасау. Барша әлемге ұялмай көрсететін, қазақтың тұрмыс-тіршілігін ашатын, шағын және орта кәсіп дамып жатқан, жасыл экономикаға негізделген қарапайым қазақтың ауылдары самсап жатуы тиіс. Бұл ауылдар екі қаланы азық-түлікпен толықтай қамтамасыз ететін потенциалда болады.

Төртіншіден, Түркістан облыс орталығы, түркі әлемінің астанасы ғана емес, сонымен қатар Батыс пен Шығысты жалғайтын Ұлы Жібек жолында жатқан географиялық мүмкіндігін тиімді пайдалануда ірі логистикалық орталық боп та жанданады. Сонда сырттан да ақша мен табыс ағылады.

https://kaz.365info.kz/bauyrzhan-momyshyly-biz-mal-edik-kharangy-edik-degende-menin-ashu-yzam-keledi-295199

Бесіншіден, бұл өңірдің халқы 5 жыл бойына салықтан босатылуы керек болады. Кәсіпкерліктің кең қанат жаюы үшін. Бұл Түркістанның бір дегеннен аяққа тұрып, биікке серпіліс жасауы үшін аса керек шара.

Алтыншыдан, Түркістанда бүкіл түркі дүниесіне ақпарат таратын “Тұран” атты халықаралық медиа орталық, халықаралық телевидение жұмыс істейтін болады. Түркі әлемінің ғылыми институттары келіп қоныстанамын десе, оған айқара есік ашылады. Яссауи атындағы университет мұндайда аздық етеді.

Ғалым бұл бүкіл қазақ күткен жоба екенін айтады. Өйткені Түркістанның көркеюі қазақ рухының жандануы, қазақтың асып-тасуы деп санайды. Сондықтан ол кісі бұл жобаны жасауда еш аянбағанын айтады. Тіпті, салынатын ғимараттар құрылысының есебіне дейін өз қалтасынан ақша шығарып, мамандарға есептеткен екен.

“8,5 млрд теңге Түркістанды рухани астанаға айналдыруға әбден жеткілікті” – дейді экономист ғалым.

https://kaz.365info.kz/ol-khatelik-zhasady-akhsakh-temir-degen-kim-299168

Түркістанның облыс орталығы болатыны күні кеше ғана жарияланған еді. Бірақ бірер күннің ішінде бұл қаладағы үйлердің бағасы шарықтап шыға келді. Енді қала маңындағы ауылдардағы үйлердің де бағасы көтерілуі бек мүмкін. Өйткені Түркістанның даму жобасына Шымкентпен екі ортадағы өңірдің бәрі кіріп тұр ғой. Бұл біздің жәй долбар ғана…

Айта кетелік, экономика ғылымының докторы, академик Оразалы Сәбденнің тағы бір еңбегі кеше ғана Лондонда жоғары бағаланып, ағылшын тілінде басылып шықты. Ол “Абай, Қазақстанның болашағы және әлемдік өркениет” деп аталады. Бұл – ғалымның шетелде жарық көріп отырған екінші еңбегі.

https://kaz.365info.kz/omskiden-ajyrylasyn-estoniyanyn-byryngy-prezidenti-putinnin-zaresin-yshyrdy-318252

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз