Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Екі облыста марокколық шегіртке қаптауы мүмкін

255

Өсімдіктерді қорғау шараларын жүргізуге республикалық бюджеттен 2 миллиард 500 миллион теңге бөлінді. Пестицидтерді сатып алу конкурсы аяқталды. Үйірлі шегіртке тектестерге қарсы 540 дана бүріккіш техника жұмылдырылады”, — деді вице-министр үкімет отырысында.

Оның ақпаратынша, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары бойынша аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу бойынша жеткізушілер айқындалған. Ал қалған өңірлер бойынша конкурс рәсімдері жалғасып жатыр.

“Осы жылы Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында марокколық шегіртке жаппай таралуы мүмкін. Осы өңірлерде марокколық шегірткеге қарсы 640 мың гектарды өңдеу жоспарланып отыр. Облыс әкімдіктеріне жедел штаб құруды ұсынамыз.

Саяқ шегіртке тектестерге баса назар аудару қажет. Биыл жергілікті атқарушы органдар 408 мың гектар жерді өңдеуге 317 миллион теңге бөлді”, — деді министрдің бірінші орынбасары.

 

“Мәселен, Қарағанды облысының әкімдігі 15 миллион 600 мың теңге бөлген. Бұл 33 мың гектар жердің тек 24 пайызын өңдеуге мүмкіндік береді”, — деді вице-министр.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай, Ресей, Өзбекстанмен шекаралас аймақтардан үйірлі шегіртке тектестердің ұшып келуінің алдын алу үшін ынтымақтастық туралы келісім жасасқан. Ресеймен бірлескен іс-шаралар жоспары келісілген.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз