Алматы мен Атырау қаласында карантиндік бөгет бекеттерінде пара алу фактісі бойынша үкім шығарылды.
Оңтүстік астанада патрульдік полиция инспекторы Тыныштықбаев бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы қызмет. Полиция өкілі бөгет бекетінен өткізгені үшін 20 мың теңге алған.
Атырауда бөгет бекеті арқылы өту үшін полиция инспекторына пара берген азамат Тауырбаев жазаға тартылды. Ер адамға 112,5 мың теңге айыппұл салынған.