Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-14
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

“Екі апта бұрын…”. Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуімен ара-қатынасы жайлы айтты

«Көп жағдайда өзім де түзде жүремін. Ер азаматымның алдында міндеттерімді дұрыс атқара да алмайтын сәттерім бар шығар. Сондай кезде Мұраттың түсіністік танытқанына қуанамын. Себебі ол кісі көріп тұрса да көрмегенге алып, қалжыңға айналдырып, жағдайды ешқашан ушықтырмайды. Осындай түсіністік бар жерде, сыйластық бар жерде әрине бақыт болады»,-деді Дана Нұржігіт.

Онымен қоса, жар таңдағанда осы жолы өзінің ғана шешімі емес, ұлы Әлімнің шешімі ең ақырғы нүктесі болып танылғандығын айтты.

«Екеуіміздің мінезімізде қайшылықтар бар.

Мен бір шешім қабылдар алдында ұзақ ойланып кетемін. Мұраттың бойында тәуекелшілдік бар.  Оның артықшылығы да осында. Өзім ұзақ ойланып, көптеген мүмкіндіктерді жіберіп аламын.Осы неке бойынша соңғы шешім Әлімде болды. Ол Мұратты бір көргеннен әкелеп жүгіргенде менің тағдырым шешілді. Олар бірін-бірі өте жақсы көреді. Өткен жолы Мұрат менің шаршағанымды жүзімнен байқап «Демалып қайтсаң қайтеді?» деді.

https://kaz.365info.kz/eshkimge-kereksiz-bolyp-khaldym-dana-nyrzhigit-agynan-zharyldy-278930

Сол кезде өзім Сарыағашты таңдадым. Әрі миыма, әрі денсаулығыма көңіл бөлейін деп шештім. Екі апта баланың үстіне қыл жуытпай қарапты. Сабағына алып барып, тамағын беріп, киімін таза ұстаған. Мен Мұраттан осындай көмек көрдім. Алғаш рет осындай қамқорлық көрдім. Ер азаматтың бойындағы балажандылықты көріп, елжіреп кеттім.

Себебі, мен ондайды көрмегем.

Шаруаның бір жағына шығып, болысып жіберу деген осы шығар. »,-дейді журналист.

Сонымен қатар, тележүргізуші бұрынғы жұбайы Владимир Рерихпен неліктен ажырасқандығын айтты.

« Ол кісі білімді, ағартушылық жолда еңбек еткен жан болды.

Владимир Рерихпен соңғы рет екі апта бұрын сөйлестім.

Ол жерде балаға қатысты мәселе бойынша сөйлестік. Ол кісіні ойшыл, ақылды адам ретінде жақсы қабылдаған болатынмын.

Бірақ,  ерлі-зайыптылар ретінде екеуіміздің әңгімеміз аяқталған. Отбасында әйел бос орынға айналған кезде, кім екенін білмей дал болған кезде ерлі-зайыптылардың әңгімесі бітеді. Мен шындықты жақтайтын адаммын.

Сол кезде ажырасу жайлы арызды өзім бердім»,-деді Дана Нұржігіт.

https://kaz.365info.kz/telezhyrgizushi-dana-nyrzhigit-yjlenu-tojyn-otkizdi-foto-video-273695

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз