Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Егер теңге рублге қатысты арзандайтын болса, тоқырау басталады — Своик

233

Экономист Петр Своик теңге ресей рублінен «құтылуы» мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бірақ жаһандық капитал нарығында Ресейдің позициясы әлдеқайда күштірек. Мәселен, көршілеріміздің валюталық қоры сыртқы міндеттемелеріне қарағанда жоғары, ал бізде керісінше. Сондықтан, егер теңге рубльге қатысты арзандаса, біздің экономика үшін бұл өте жағымсыз болады.

Кремль үлкен деваливацияға жол бермейді, бірақ шағын ауытқулар пайдалы болуы мүмкін

— Теңгенің дербес бағамын анықтауға арналған жеке база жоқ. Жалпы алғанда, біздің валюта рубльмен болған өзгерістерді қайталайды, сондықтан теңге бағамының қандай болатынын түсіну үшін рубльге қарау керек, —деді Своик.

Қазір Ресей валютасы «құнсыздануда», сондықтан теңге төмен түсті, дегенмен оған шектеу қойып отыр (сондықтан рубль арзандауда). Рубль — бұл «жаһандық капиталдың бөлігі».

— Ресей билігі батысқа қатысты өте батыл әрекет етеді, бірақ Ресей рублі доллардың ықпалынан шыға алмауда. Ресей қор биржасы (оны Қазақстан көшіреді) — дербес қаржы институты емес, Чикаго биржасының туындысы. Рубль бағамы Ресейдің емес, сыртқы ойыншылардың қызығушылығымен анықталады, — деді ол.

Сарапшының пайымдауынша, рубльдің қазіргі төмендеуіне Путиннің елден капиталдың шығарылуын тоқтату және оффшорларды алып тастау туралы тапсырмалары әсер етіп отыр.  Сыртқа қашқан адамдарға салынған қосымша салықтар да өз ықпалын тигізуде.

Сонымен қатар, рубльдің  айтарлықтай арзандауы Ресей экономикасына тіпті тиімді болмақ. Бірақ  саяси себептермен үлкен девальвацияға жол бере алмайды.

Біздің ішкі қарызымыз жинақтаған валюталық қорымызға қарағанда екі есе көп

Своик теңге рубльдің ықпалынан құтылса да,  өз бетінше құлдырауын жалғастыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сонымен қатар, ол доллар мен еуроға ғана емес, сонымен бірге Ресей валютасына қарағанда да арзандайды. Бірнеше жыл бұрын осылай болған да.

— 2014 жылы Ресейдегі құлдыраудан кейін  2016 жылғы теңгенің девальвациясын еске түсірейік. Ол кезде біздің валюта ресейлік рубльдің құнсыздану қарқынынан асып түсті.

Егер рубльдің теңгеге қатынасы бұған дейін дәстүрлі түрде 1-ден 5-ке дейін болса, сол уақытта ол 6-ға жетті, —

деді Своик.

Жағдай қайталануы мүмкін, теңге қазір де «қауіпті аймақта». Своик Қазақстанда бірнеше жыл  бойы төлем балансы теріс екенін атап өтті. 2019 жылы минус 5,5 миллиард доллар. 2020 жылы бұл көрсеткіш әлдеқайда нашар болуы мүмкін.

— Бұл Ресей Федерациясының жаһандық капитал нарығындағы күрестегі ұстанымының беріктігіне байланысты. Оның валюталық қорлары сыртқы міндеттемелерге қарағанда қуаттырақ.

Біздің экономикамыздағы сыртқы қарыз жинақталған валюталық резервтерден екі есе көп

Ал бұл міндеттемелерге қызмет көрсету Қазақстанның төлем балансынан экспорттық валюта түсіміне тең келетін соманы алып тастайды, — деп есептейді ол.

Егер теңге жалпы сауда кеңістігінде рубльге қатысты әлсірей бастаса, біздің экономика үшін бұл өте жағымсыз болады. Онсыз да үлкен ресейлік импорт арта бастайды, ал отандық өндіріс қиындыққа тап болады. Төлем қабілеттілігінің төмендеуі импорттың өсуін тежеуі мүмкін, бірақ ол қазақстандық бизнеске қысым жасайды.

— Тоқырау болады.

Ал экономикалық қиындықтар саяси проблемаларға ұласады

— деп ескертті Своик.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз