Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

ЕАЭО-дағы Қазақстанның бастамалары дағдарыстан шығуға қалай көмектеседі?

299

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер — Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры Ғалия Мовкебаева ЕАЭО-ға  мүше-мемлекеттер көп жылдан бері энергия ресурстарын өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және сату саласында  тығыз ынтымақтастық жасап келе жатқанын айтады.

Профессордың пікірінше, болашақта энергетикалық сала ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік кооперациясының негізі бола алады.

ЕАЭО-ға мүше елдер бойынша статистика

ЕАЭО көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша— нарығы ауқымды және өсіп келе жатқан, ЕО-дан кейінгі әлемдегі екінші бірлестік.

ЕАЭО-ға мүше-елдердің үлесіне:

— Табиғи газдың әлемдік қорының 1/5 және әлемдік экспорттың 50%-дан астамы;

— әлемдік көмір қорының 1/5 астамы және әлемдік өндірудің 4,9%-дан астамы;

— Әлемдік мұнай қорының 8%-ы, әлемдік өндірудің 14,2%-ы және әлемдік экспорттың 18%-ы;

— Электр энергиясының әлемдік өндірісінің 5,1%-ы тиесілі.

Минералдық шикізат пен қазбалы отын қорының негізгі бөлігі Ресейде шоғырланған.

Қазақстан табиғи ресурстар қоры бойынша Ресейден кейін екінші орында.

Беларусьте мұнай мен газдың аздаған қоры барланған.

Ал Армения мен Қырғызстанда көмірсутектер қоры анықталмады.

2019 жылы ЕАЭО-да 560 млн тонна мұнай,  737 млрд текше метр газ,  437 млн тонна көмір, 1,102 трлн сағ/кВт электр энергиясы өндірілді

Отын энергетикалық кешені бірігуге  себеп ретінде

ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасында отын-энергетикалық кешен (ОЭК) маңызды рөл атқарады.

ЕАЭО елдерінің ЖІӨ-дегі ОЭК-нің үлесі 17%-ды, өнеркәсіптік өндірісте — 33%-ды құрайды.

Сарапшы

бұл әлеует интеграциялық үдерістерді дамытуға негіз болып табылады, сондықтан ЕАЭО-дағы экономикалық интеграция дәл энергетикалық сектордан басталды

Ресей өндіріс пен экспорттық жеткізілімдердің 95%-ын қамтамасыз ете отырып, қорлар, өндіру, тұтыну және ЕАЭО елдері арасында табиғи газды экспорттау  бойынша сөзсіз көшбасшы.

2019 жылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы екі жақты газ саудасы 33,5 млрд м3 құрады.

ЕАЭО-дағы өзара газ саудасы екіжақты форматта дамып келеді. Ресей Армения, Беларусь пен Қазақстанға өз газын экспорттайды, сондай-ақ ортаазиялық газды импорттайды.

Алайда ЕАЭО елдерінің Ресейден келетін табиғи газға тәуелділігі бірдей емес. Белорусь ресейлік газға тікелей тәуелді.

Біздің еліміз ресейлік газға аса тәуелді емес.

Бұл негізінен Қазақстанның өзінде табиғи газдың өндірілуімен байланысты, бұнда ресейлік газ оңтүстік өңірлерді қамтамасыз ететін газ тасымалдау жүйесінің техникалық сипаттамаларынан ғана жеткізілетін болады.

Ресей газынан басқа, Армения газды Ираннан, ал Қырғызстан Өзбекстаннан (оңтүстік бөлігінде), Қазақстаннан (солтүстік бөлігінде) және Ресейден импорттайды.

ЕАЭО газ саласының тағы бір ерекшелігі сыртқы нарықтарға газ экспорттауға басымдық берілуі, өйткені оны өндіру көлемі тұтынудан едәуір артығырақ.

Бұл газ өндіруші елдер Ресей мен Қазақстанның үшінші елдерге экспорттауға  тәуелділігінің жоғарылығына себеп болады

Қайта жаңартылатын энергия көзі

ЕАЭО елдері өздерінің ұлттық энергетикалық теңгерімдерінде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды кеңейту мүмкіндігін қарастыруда.

Сарапшы атап өткендей, қазіргі уақытта ЕАЭО елдері дәстүрлі энергия көздері есебінен өздерінің энергетикалық қажеттіліктерін жабуы тиіс.

— Бірақ жағдай өзгеруде. Сонымен бірге энергия өндіру процестерінің технологиялары мен экономикасы өзгереді. ЕАЭО елдерінің барлығында дерлік жаңартылатын энергия өндірісінің қуаты артуда

–Арменияда 2018 жылы 32,5%,

– Беларусьте – 4%,

– Қазақстанда – 8,5%,

– Қырғызстанда – 6,1%,

– Ресейде  ірі су электр станцияларын қосқанда– 19%.

Жаңартылатын энергия көздері мен су электр станциялары энергетикалық теңгерімнің үштен бір бөлігін құрайды.

ЕАЭО-ның барлық елі электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстанда ЖЭК энергетикалық кешенді дамыту векторларының бірі. Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы әзірленді, оның негізгі мақсаты баламалы энергия көздерінің үлесін 2030 жылға қарай 10%-ға дейін және 2050 жылға қарай 50%-ға дейін ұлғайту.

Сарапшының пікірінше,  қиындықтарға қарамастан,

ЕАЭО елдерінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ұлғайту үрдісі оң нәтиже көрсетті және ол бірқатар халықаралық жобалардан мемлекеттік, жеке және шетелдік инвестицияларға негізделген

Алайда ЕАЭО елдерінде жаңартылатын энергияның неғұрлым ашық және тұрақты нарығын құру үшін дайындалған отын-энергетикалық ресурстар мен өндірілген энергия бағасы өндірушілердің шығындарын толығымен жабуы және рентабельділік деңгейін қамтамасыз етуі үшін бағалық субсидияларды реформалау орынды.

Ортақ энергетикалық нарық

Ғалия Мовкебаева ЕАЭО елдерінің экономикалық өзара тәуелділігін зерттеу нәтижесінде экономикалардың интеграциялану дәрежесі одан ары қарқынды дамуда  маңызы жоғары дейді.

Бүгінде ЕАЭО елдерінің өзара сауда үлесіне газ экспортының тек 16%-ы, мұнай экспортының 6%-ы, мұнай өнімдерінің 1,6%-ы, сондай-ақ электр энергиясының 37%-ы ғана келеді, бұл одақтың қажеттіліктерін толық қанағаттандырмайды.

Сонымен қатар, тек Ресейдің үлесіне энергия тасымалдаушылардың 90%-дан астамы келеді.

— ЕАЭО елдерінің ортақ энергетикалық нарығын құру 2025 жылға қарай энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуды жеделдетіп,

екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға, ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге ықпал ету, сондай-ақ жалпы осы интеграциялық бірлестіктің сыртқы нарықтардағы ұстанымдарын нығайтуға ықпал етуі тиіс.

Энергетикалық ресурстардың бірегей нарығы

Энергетикалық интеграцияны дамыта отырып, Еуразиялық экономикалық одақ энергия ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға және энергия тасымалдаушылармен сауданың анағұрлым релеванттық тәсілдерін табуға ұмтылады, деп атап өтті сарапшы. Әзірге ЕАЭО-ның оның энергетикалық әлеуетін өз бетінше пайдаланатын мүмкіндігі жоқ.

—Тіпті ортақ энергетикалық нарықты құру бойынша жоба да энергетикалық тұрақтылыққа қадам ретінде қарастырылмайды, өйткені ЕАЭО мүше-мемлекеттер жеке және жиынтығында бірқатар тәуекелдерге тап болады

Сарапшы ерекше сын-қатерлердің арасында бәсекеге қабілетсіздікті, энергетикалық сектор мен импортқа жоғары тәуелділікті атап өтті.

— Бүгінде Қазақстанның мұнай-газ кешені елдің энергетикалық қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандырмайды және Ресейден және басқа елдерден энергия ресурстарының импорттауды қажет етеді.

Мұнай бағасының құлдырауынан әлемдік энергетикалық нарықтардағы төмендеуі  ЕАЭО елдері үшін тағы бір мәселе болды. Ресей мен Қазақстанның –  ЕАЭО-ға мұнай экспорттайтын негізгі елдердің бюджеті әлемдік мұнай бағасына тікелей тәуелді екені анық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз