Гонконг басылымдарының хабарлауынша, Джеки Чанның туған қызы, “Мисс Азия” байқауының жеңімпазы, 18 жастағы Этта Нг өз-өзіне қол салмақ болған.
Бірақ ойлағаны жүзеге аспай, қазір ауруханаға жеткізілген, деп жазады Oriental Daily басылымына сілтеме берген Вести.ру.
Этта соңғы кездері ауыр күйзелісте жүрген екен.
Ол былтыр да әлеуметтік желілерде өзіне-өзі қол салу туралы мақалаларды жиі жариялапты.
Ал Этта жұлдызды әкесін тек биологиялық әке санап, оған соншалық туыстық сезімі болмаған деседі. Этта шешесімен де күрделі қарым-қатынаста екен.
Айтпақшы, Джеки Чанның 35 жастағы ұлы да бар. Оның шешесі — Джоан Лин есімді тайваньдық актриса. Бірақ 2014 жылы Джейси Чан Пекинде есірткі сақтағаны үшін алты айға түрмеге қамалған.