Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Дұрыс емес қой!..». Бензин бағасы қаншаға өсетінін естідіңіз бе?

Қолдан жасалған тапшылық салдарынан,

Санкт-Петербургтегі халықаралық шикізат тауары биржасындағы баға тарихи рекорд деңгейіне дейін көтерілді.

«Ресейдің тауар нарығы жөніндегі кеңесі жанармай нарығындағы ірі ойыншылардың – мұнай компанияларының саясатына алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені олар биржа нарығындағы жанармайдың сұранысын қасақана шектеп, жасанды тапшылық ұйымдастырып, биржа нарығындағы және жанармай бекеттеріндегі бензин бағасының өсуіне жол ашады. Ал оның соңы жанармай тұтынушыларының – халықтың және өндірістік кәсіпорындар мен ауыр шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қалтасын қағуға әкеліп соғады», — делінген кеңес таратқан хабарламада.

https://kaz.365info.kz/halykhkha-shyndykhty-ajtyndar-deputattar-ykimetke-bir-kyn-uakhyt-berdi-283973

Аталмыш кеңестің деректері бойынша, 19-наурыздан бастап, ең ірі мұнай компаниялары күніне небары 20 мың тонна автобензин ғана сатып жатыр, ал бұл желтоқсан айындағы көрсеткіштен үш есе төмен.

Мұндай клеңсіздіктердің бір неше себептері бар, солардың бастыларына тоқталсақ:

  • Әлемдік бағаның өсуі, нәтижесінде, тауарды ішкі нарықта сатқаннан гөрі экспортқа шығарған тиімдірек;
  • Бензин қорын ұлғайту, мұнай өңдеу зауыттарын жөндеуге тоқтатуға дайындық

Тауар нарығы жөніндегі кеңес көптеген ірі қалалардағы жанармай құю бекеттерінің шығынмен немесе мардымсыз пайдамен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Егер бензин тапшылығ жалғаса беретін болса, аталмыш жанармай бекеттері жабылады немесе бензин бағасын елеулі түрде көтеруге мәжбүр болатынын мәлімдеді. Кеңес сарапшыларының болжамы бойынша жазға қарай бензин бағасы 5 рубльге көтерілуі ықтимал.

Бұл жағдайды тек көтерме сауда нарығындағы сұранысты өсіру арқылы шешуге болады.

Тұтынушы төлейді ғой…

РБК мәліметтері бойынша, мұнайшылар өздерінің заң шеңберінен шықпағанын алға тартатын көрінеді, айтуларынша, олар ішкі нарықта өндірілген өнімнің 10 процентін сатады екен, ал бағаның өсуі сұраныс тапшылығынан емес,

әлемдік сұраныстың өсуі және жеткізушілердің шығынмен жұмыс істемеуге ұмтылысы салдарынан орын алып отыр екен.

https://kaz.365info.kz/ai-92-benzini-125-tengeden-140-tengege-dejin-khalaj-osti-khanat-bozymbaev-otirikshi-me-250649

«Біз біраз уақыт биліктің айтқанына көніп, жанармай бағасын көтерген жоқпыз, тіпті, оны арзадатуға да бардық. Өйткені елде сайлау өткізілді. Ал қазір сол шығынның орнын толтыру қажет», — дейді, өз кезегінде, мұнай комапанияларының өкілдері.

Қазақстанның қандай қатысы бар?

Еліміздегі бензин қажеттілігінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз ететін Ресей, әдетте, Қазақстанға жетіспейтін жанармайды жеткізуші ретінде бой көрсетеді. Алайда, атап айтарлығы, Ресей Федерациясындағы баға әрдайым жоғары болады, әлбетте, бұл еліміздегі жанармай бекеттеріндегі бағаға кері әсерін тигізіп, олардың өсуіне әкеліп соғады.

Егер Ресейдің өзінде жанар-жағармай тапшылығы орын алса,

онда Қазақстан қажетті жанармай көлемін сатып алу үшін артық төлем жасауға мәжбүр болады, ал бұл, өз кезегінде, қарапайым тұтынушылардың қалтасына қосымша салмақ салады.

Атап айтарлығы, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы онсызда инфляцмяға қарағанда, жылдам өсіп отыр. Мәселен, 2018 жылғы наурызда бензин құны 1 процентке артқан, алдыңға айда –1,5 процентке, а соңғы 12 айда жанармай бағасы 13,3 процентке қымбаттаған — бұл инфляция деңгейінен екі есе артық.

Дизельдік отынның бағасы тек соңғы жылда 28,1 процентке артқан, яғни, көтерме сауда бағасының өсу қарқыны инфляция қарқынынан 4 есе артық болып отыр.

Қазақстан ресейлік жанармайдан бас тарта алмайды. Оның үстіне, импортқа тәуелділігіміздің артатынына меңзейтін алғышарттар да жоқ емес,

Жергілікті мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ), тіпті, жанармайға деген қажеттіліктің 75 процент деңгейінде қамтамасыз етуге қауқарсыз:

  • Шымкент МӨЗ 20-наурыздан 1- мамырға дейін жөндеуге жабылған
  • 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларында бензин өндіру 2017 жылдың тиісті мерзімімен (539,1 мың тоннаға дейін) салыстырғанда 4,3 процентке төмендеген
  • 2018 жылдың басындағы бензин қоры 3,2 мың тоннаны құраса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 4,4 мың тоннаны құраған

https://kaz.365info.kz/1000-tenge-bola-ma-2018-zhyly-ne-khymbattap-nenin-arzandajtyny-belgili-boldy-295549

Тәуелділіктен құтылған жөн

Қалыптасып жатқан ахуал автомобилистерді аз да болса бензин қорын жинақтап қоюға итермелейді.

Мәселеге мемлекет тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл ішкі нарықты өзіміздің толтыруымыз керек екендігін меңзейді.

Ал ол үшін

Төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет

Бұл туралы 4-сәірде Нұрсұлтан Назарбаев кезекті рет айтты. Президент мұнайды өндіріп қана қоймай, оны өңдеу қажеттігін тағы бір рет еске салып өтті.

«Мен кездесу барысында үкіметке компаниялармен бірлесіп, өңдеу кәсіпорындарын салу мәселесін талқылап, осы бағыттағы жұмыс жоспарын маған баяндауды айтқан болатынмын.

Қазіргі таңда Қазақстанды мұнай өнімдерін сырттан тасымалдау тәуелділігінен құтқару үшін бірінші орында мұнай өңдейтін жаңа зауыт салу мәселесі тұр», – деді мемлекет басшысы «Тенгизшевройлдың» 25 жылдығына арналған салтанатта.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз