Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Дұрыс болды!”. Есі бар біреу Әсет Исекешев, Майя Бекбаеваларды оқулықтан алып тастапты

188

Оқулықтарды басып шығаратын «Алматыкітап» баспасы шошып кетсе керек, оқулықтың бұл нұсқасы жарық көрмейтін болды деп, жалма-жан мақала авторына хабарласыпты.

«Кеше Әсет Исекешев пен Динара Сәтжанның жаңа оқулыққа енгенін жазған едім. Бүгін Алматыкітап баспасынан xабарласып, бұл нұсқаның өзгертілгенін, министрлікке суреттегі екінші үлгінің жіберілгенін айтты»,

деп жазады Әйгерім Таубай.

Сосын мына суретті жариялапты:


https://kaz.365info.kz/olketanu-okhulygyna-aset-isekeshev-pen-telezhyrgizushi-majya-bekbaeva-enip-ketipti-326784
«Өлкетану. Астана» оқулығы туралы 5-7-сыныптарға арналған «Өлкетану. Астана» оқулығы «Рухани жаңғыру» аясында жазылып жатқаны баршаңызға мәлім. Қазіргі таңда талқыға түскен оқулықтың жобасына блогерлер туралы мәліметті расында да авторлар ұжымы алғашында «Туған өлке публицистика беттерінде» айдарымен ұсынған болатын. Публицистиканың бір элементі ретінде қазіргі танымал блогерлерді көрсеткен авторлық ұжымның жобасы, алайда, оқулықтың соңғы нұсқасына кірген жоқ. «Өлкетану» оқулықтары бойынша шілде айында өткен мемлекеттік сараптамада сарапшылардың ұсынысымен оқулықтан блогерлер туралы мәлімет алынып тасталған.

Баспасөз конференциясында журналистерге ұсынылған бірнеше нұсқаның ішінде назарға ілінгені – блогерлер сияқты мәліметтері ауыстырылатын, аздаған өңдеуді қажет ететін нұсқасы.

Оқулықтарды басылымға дайындау жұмысы алдағы қыркүйек айында мәресіне жетеді деп жоспарлап отырмыз.

PS. Суретте оқулықтың алғашқы нұсқасы және соңғы нұсқасы,- депті Алматыкітап баспасының баспасөз қызметі
https://kaz.365info.kz/yyat-boldy-astana-akimi-khazakhsha-sojlej-almaj-khinalypty-278384

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз