Кешью 13 жылдық мерейтойына арнап, топтың бұрынғы және қазіргі уақыттағы әншілерімен жаңа бейнебаян түсірді.
Сүйінші хабар топтың Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.
“Біздің көптен күткен КешYOU13 атты бейнебаянымыз жарыққа шықты! Көріңіздер, пікір қалдырыңыздар! Күтеміз!”, – деп жазды топ мүшелері.
Көрермендердің көбі клипке Жанар Дұғалованың жетіспейтіндігін айтып, өкініштерін білдіруде.