Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ДСМ-нің басшысы коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін деп болжам жасады

Сурет: primeminister.kz

«Қазақстанда қазан айына қарай 13 модульдік инфекциялық стационар салу жоспарлануда. Коронавирус инфекциясының пандемиясы аяқталған жоқ. Біз қазан айында ЖРВИ және тұмау маусымымен бірге күтілетін жаңа толқынға дайын болуымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп алдағы күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындалуда», —  деп жазды шенеунік Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, дәріханаларға 10 млн-нан астам дәрі-дәрмек пакеті жеткізілген, Бірыңғай дистрибьютор республиканың медициналық ұйымдарын айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіп, 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңге сомаға қосымша екі айлық қор құрады. Бұдан басқа, «СК-Фармация» базасында республикалық тұрақтандыру қоры, сондай-ақ 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды.

«Ауруханаларды толық жарақтандыру үшін қосымша 2 578 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 1 500-і отандық тауар өндірушілерден, 1 078-і жергілікті бюджет, демеушілік көмек және дүниежүзілік банк қаражаты есебінен сатып алынады. 23 890 төсек оттегімен, оның ішінде 13 153-і оттегі концентраторларымен қамтамасыз етіледі, ал 2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық аудандық ауруханаларын 100%-ға цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Осы жылдың маусым-шілде айларында медициналық ұйымдар пациенттердің ағымын игере алмай, коронавирус инфекциясы өршіп,  өте күрделі жағдайға тап болғанымызды білеміз. Болашақта осындай жағдайды болдырмау  және жұқпалы аурулар қызметінің коронавирустың жаңа ықтимал толқынына дайын болуы үшін ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында салынған ғимараттарға ұқсас 2,7 мың төсектік жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады.

Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында салынатын болады.

Өңір әкімдіктері жер учаскелерін бөліп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мердігерлік ұйымдарды таңдау рәсімдері жүргізілуде.

Өңір әкімдіктері тапсырыс береді, қаржыландыру Жұмыспен қамтудың жол картасы мен жергілікті бюджеттерді үнемдеу қаражаты есебінен көзделеді. Әрбір жұқпалы аурулар ауруханасының құнын әр әкімдік өз бетінше қалыптастырады», —  деп атап өтті Цой.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз