Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

ДСҰ-дан қандай пайда таптық?

299

Әйтсе де 19 жылда әзер дегенде мүше болған ұйымнан жылт еткен пайда болмай отыр. Белгілі экономист Жангелді Шымшықовтың айтуынша аталған ұйымнан пайда көруімізге Еуразия экономикалық одақ кедергі болып жатыр.

– Үкімет Ресейді аттап өтіп, Дүниежзілік сауда ұйымының пайдасын көре алмай отыр. Керісінше, 2015 жылдың басынан бастап сыртқы саудамыз 27 пайызға құлдырады.

Жалпы, мен не үшін Ресеймен экономикалық одақ құрғанымызды түсінбеймін.

Мысалы жылдан жылға экспортымыз нашарлап бара жатыр. Мұның бәрі айналып келгенде Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмысына кедергі болып отыр. Сондықтан да біздің үкімет халықаралық сауда ұйымын немесе Еуразиялық экономикалық одақтың біреуін  таңдап сонымен жұмыс жасауы керек – дейді Жангелді Шымшықов.

Алайда Жангелді Шымшықовтың әріптесі Бауыржан Исабеков Еуразиялық экономикалық одақтан шығып кету дұрыс емес деген пікірде. Алайда ол Дүниежүзілік сауда ұйымынан да қандайда бір пайда болмай отырғанын айтады.

– Қазір дүниежүзі елдердің барлығында интеграция бар. Сондықтан да бізге стратегиялық тұрғыдан Еуразиялық экономикалық одақ керек. Ал тактикалық өлшем бойынша аталған одақ бізге қолайсыздықтар тудырып отырғаны жасырын емес. Мәселен,

біздің тұтыну тауарларымыз Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін 42 пайызға қымбаттап кетті.

Қазіргі таңда бұл бізге кедергі келтіріп жатыр, бірақ та болашақта оң әсері беруі мүмкін. Ал Дүниежүзілік сауда ұйымы негізінен дамыған мемлекеттердің мүддесін қорғайды. Бізде дамушы экономика болғаннан кейін көбінесе тұтынушы болып отырмыз. Еліміз өндірістік тауарлар шығарған кезде  халықаралық сауда ұйымы бізге тиімді болады. Ал дәл қазіргі таңда аталған сауда ұйымының нәтижесі теріс болып отыр, – дейді Бауыржан Исабеков.

Экономист Үкіметтің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған кездегі келісім-шарттары әлі күнге дейін белгісіз болып отырғанын айтады. Бұл өз кезегінде қандайда бір тұжырым жасауға кедергі келтіріп жатыр.

– Әр ел өзінің тауарлық позициясын дұрыс қорғап әрекет етуі керек. Мәселен Жапония ДСҰ мүше болатын кезде күріш өндірушілердің мүддесін қорғау үшін кедендік БАЖ салығын салуға мүмкіндік алып алды. Себебі Жапонияда күріш таулы аймақта, ал қытайда жазық жерде өседі.  Егер алдын ала сақтанбағанда қытайдың арзан күріші Жапонияға ағылып, салдарынан күн шығыс елінің шаруалары шығынға батар еді. Былай қарасаңыз бұл тәсіл нарықтық механизм емес. Алайда соған қарамастан көптеген елдер ДСҰ кірер кезде өздерінің мүдделерін қорғап қалды. Ал біздің еліміз аталған ұйымға қандай талап тілектер бойынша кіргені жөнінде әлі күнге дейін толық ақпарат жоқ, – дейді Бауыржан Исабеков.

Иә, экономист айтқандай біздің елде маңызы жоғары келісім-шарттар көпшілік қауымға жарияланбайды. Соның салдарынан халықтың мүддесіне қайшы көптеген келісім-шарттар жасалып кетті.

Мысалы, ДСҰ-ның игілігін Еуразиялық экономикалық одақтың кесірінен көре алмай отырмыз. Әйтпесе, халықаралық сауда ұйымы бізге үлкен мүмкіндік болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз