Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Досым артық кетті”. Наурызбаева Сәтпаевтың кеңестен кетуінің себебін түсіндірді

Қор басшысы басқарушының ұсынысы бойынша, БЖЗҚ сервистік қызметтерді көрсетуін – әкімшілік есепшоттар мен зейнетақы төлеуді жалғастыратын бірден бір есептік орган болып қалатынын айтты. Сонымен қатар жекеменшік ұйымдарды таңдау мәселесі бойынша салымшыларға кеңес беру де БЖЗҚ үлесінде қалады деп ұйғарылып отыр.

Сонымен қатар Наурызбаева Досым Сатпаевтың қоғамдық ұйымнан шығу туралы жағдайға түсінік берді.

Еске салайық, бұдан бұрын Досым Сәтпаев экономист Рахым Ошақбаевпен және “Қаржылық еркіндік” қамқорлық кеңесінің басшысы Бота Жұмановамен бірге қоғамдық кеңестен шығып кеткені мәлімдеген еді. Сәтпаев өз кетісінің себебін БЖЗҚ басшыларымен мәселе талқысында өзара келіспеушіліктердің туындауымен түсіндірген еді.

Бір сөзбен айтқанда, сөз өтпейтін жерде біз неғып жүреміз деген сыңайлы Сәтпаев.

Өз кезегінде Наурызбаева бұл мәселеге қатысты өз көзқарасын білдірді.

“Иә, қор жанындағы қоғамдық кеңестің бірнеше мүшесі, сонымен қатар оның басшысы Досым Сәтпаевтың неліктен кеңестен шығып кету туралы шешім қабылдағаны көпшілікті қызықтыратынын мен білемін. Қоғамдық кеңестің мақсаты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірі мен оны дамыту бойынша ұсыныстарды білдіру болатын.

Осы мәселелерді талқылауда қоғамдық кеңестің кейбір мүшелері жинақтаушы жүйені ғана емес, базалық және бірлескен бөлігін қоса алғанда, жалпы зейнетақы жүйесін реформалау бойынша ұсыныстарды қарастырып, енгізуі қажет деген пікірі туындады. Бірақ бұл идеяны кеңестің басқа мүшелері қолдамады,

себебі ол БЖЗҚ жанынан құрылған және бұл кеңес жинақтаушы жүйе мәселелерімен ғана айналысуы тиіс”, – деді ол.

Сөз соңында БЖЗҚ басшысы құрамында 29 адам бар қоғамдық кеңес өз жұмысын жалғастыратынын айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, зерттеулер департаментінің басшысы, Halyk Finance басқарма мүшесі Мұрат Темірханов барлық зейнетақы қаражатын жекеменшік басқаруға беру туралы ұсынысын білдірген болатын.

Еске салайық, Ұлттық банк зейнетақы қаржысын басқарушы компанияларға берудің мән-жайын түсіндірген еді. Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев БЖЗҚ басқаруында өзгерістер болатынын мәлімдеген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз