Саясаттанушы Есет Есенғараев ақын Арман Қанидің қазақ тілін мәжбүрлеп үйретуге арналған лагерьлер құру жөніндегі бастамасына жауап берді.
Жақында өзін жазушымын деп санайтын біздің бір отандасымыз тіл дамыту концепциясымен халықты таныстырды. Оның қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметшілерге қолданылатын жазалар тіпті репрессиялық деуге келеді:
Менің ойымша, бұл ұсыныстардың авторы «Атың шықпаса жер өрте» деген қазақтың мақалын дәләлдеуге тырысқан секілді. Өйткені бұл ұсыныстар
тілді дамытуға емес, керісінше елді шағыстыру үшін жасалған сияқты.
Егер ол автор нағыз тіл жанашыры болып, тілді дамытқысы келсе, онда ол тілді дамытудың нақты жолдарын іздер еді. Тек жазалау жолдарын меңзеген жазушының ұсыныстарына бұл дөрекелік пе немесе арандатушылық па деген сұрақ туындайды?
Бір қуантатын жағдай – осы ұсыныстарды халық қабылдамады және қолдамады. Көбі оларды дөрекелік немесе абсурд дап санаса, кейбіреулері арандатушылық деп санады. Ондай пікірлер мен бағалар өз басымды өте қуантты, себебі біздің халық тым эмоционалды немесе абсурдты шараларды қабылдамайтынын көрсетті.
Бірақ біз осы ұсыныстардың артында біздің қоғамда кең таралған бағдарлама тұрғанын көруіміз керек. Ол қандай бағдарлама?
Ол бағдарлама “қоғамның барлық саласын тек мемлекет дамыту керек, барлық салада ең алдымен саяси тәсілдер негізгі болу керек” деген түсініктер.
Ал ондай бағдарлама әрине жалған бағдарлама. Өйткені әр салада өзіне тән тәсілдер негізгі болады және болу керек. Мысалы, мәдениетті және оның негізі тілді дамытуда бірінші орында зиялы қауымның жемісті жұмыстары болу қажет.
Тіл дамыту ең алдымен зиялы қауымның міндеті, тек содан кейін биліктің және халықтың міндеті.
Ал өкінішке орай, зиялы қауымның тіл дамытуға қосатын үлесі жеткіліксіз болып тұр. Осы кемшілікті ең алдымен сол зиялы қауым өзі түзету керек. Бірақ, зиялы қауымның өкілдері көбінесе өз міндеттерін басқаларға, әсіресе билікке жүктегісі келеді. Осындай әдет неге әкелді? Ол мәдениетіміздің және оның негізі тіліміздің дамуына жаман әсерін тигізеді, ол әртүрлі дөрекеліктерді туғызады. Ал дөрекеліктің салдары әрқашанда жамандықпен аяқталады.
Әрине билік те сыртта қалмай, ол өз үлесін қосу керек. Бірақ, әр салада негізгі үлес пен негізгі тәсілдер сол саланың ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет.