“Атлетикодан” “Реалға” 30 млн евроға ауысқан 19 жастағы Тео Эрнандес “Сантьяго Бернабеу” стадионында өткен өзінің таныстырылымы кезінде ұятқа қалды.
Жанкүйерлер алдында допты жерге түсірмей біраз қақпалдағысы келген футболшы үшінші қағыстан кейін қателесіп, алты рет әрең қақты.