Жақында ғана қоныс тойын тойлаған Алтынай Жорабаева тағы да желіні шулатып жүр. Осы жолы әнші оқырмандардың күдігіне ілінді. Неге?
Соңғы жүктеген суреттерінде артық салмағы әжептәуір байқалып қалған әншіге желі қолданушылары бірден пікір жаудырып, төтеп бере бастады.
“Дөңгеленіп тұрсыз ғой”, “Алтынай апай, толып кетіпсіз”, “Толып кетіпті, әлде аяғы ауыр ма екен?”, деп пікірлерін жаудырды желідегілер.
Дене бітімінің күрт өзгере кетуінің себебін желідегілер жалғыз басты ананың аяғының ауырлығынан деп болжап отыр. Десе де, бұрыннан бері әлдекім сыйлаған қымбат сыйлықтарын желіге жариялап жүрген әншіден мұндайды күтуге бола ма екен?
Хан сарайындай зәулім үйге қоныс аударуын да біреудің көмек қол ұшы деп пайымдаған оқырмандар нақты жауабын әншінің өз аузынан естігісі-ақ келеді.
Естеріңізге сала кетейік, төрт баласы бар әнші Алтынай Жорабаева өзінің алдыңғы сұқбаттарында біреумен көңіл жарастырған жағдайда, қыздарының қарсы емес екендігін айтқан болатын. Бәлкім, әнші жақын арада жақсы жаңалығымен қуантатын болар. Кім біледі.
https://kaz.365info.kz/toregali-dauy-inime-bale-bop-zhabysty-altynaj-zhorabaeva-arasha-syrauda-295936