2013 жылы «Қазақстан аруы» атанған Айдай Исаева өзінің instagram-дағы парақшасына АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамппен бірге түскен суретін жүктеп, жеңісімен құттықтады.
2013 жылы «Қазақстан аруы» атанған Айдай Исаева өзінің instagram-дағы парақшасына АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамппен бірге түскен суретін жүктеп, жеңісімен құттықтады.
«Құрметті Дональд Трамп! Өткен сайлаудың нәтижесі сізге деген сенімнің жоғары екенін және Америка халқының сізді қолдайтынын көрсетеді. Сіздің кәсіпкер, көреген саясаткер әрі басшы ретіндегі бай тәжірибеңіз бұдан кейін де Америка үшін еңбек етуіңізге, біздің еліміз бен халықтар арасындағы достық қатынастың нығаюына септігін тигізетініне сенімдімін», -деп жазған ол.
Айта кетейік, Айдай Исаева «Әлем аруы – 2015» байқауына еліміздің атынан қатысып, бақ сынаған болатын.