Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Дінге қатысы жоқ”. Әкімдік ғимаратын соққан көлік иесінің інісі ағынан жарылды

Әйелінен ажырасып кеткен соң ішімдікке әуес бола бастады. Бұл жерде саяси, діни жағдайларға бұрмалап, болжам жасаудың қажеті жоқ.

Ол кезінде салық басқармасында жұмыс істеген. Қазір ол кәсіпкерлікпен айналысады. Балалары бар. Біреуі Чехияда оқып жатыр. Ажырасу ер адамға қиынға соғады емес пе?!.»,- деді Бақытжан Анапин.

Анапиндердің бірі Ақтөбе қаласында, екіншісі Шалқар қаласында тұратын болған соң отбасылық жиындарда ғана кездеседі.

«Өзім Ақтөбе қаласына бармадым. Бірақ тергеу жүріп жатқанын білемін. Көлік өзінікі. Суретке түсіріп, «сүйінші» сұрағандай әлеуметтік желіге салып жіберген адамның ойын түсінбедім. Інім айыппұл төлеп, жазасын алады. Ал әкімдік ішінде тұрып суретке түсіріп, оны жариялаған адам ұятты ойламаған екен. Халық арасына іріткі салып, түрлі ой туғызғаны қателік болды»,- деді Бақытжан Анапин.

Еске сала кетейік, Ақтөбе әкімдігі ғимаратына 53 жастағы қала тұрғыны көлігімен кіріп кеткен еді. Оның мас болғанын облыстық ІІД анықтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз