Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Динара Сәтжан Мәскеу институтында терезеден құлап кеткен бойжеткенге ақша жинауға шақырды

Динара Сәтжан

 

Динара Сәтжанның айтуынша, Мәскеудегі мемлекттік халықаралық қатынастар институтының 4-інші қабатынан құлап кеткен Томирис өзінің танысы Жанна Ахметованың қызы екен. Бойжеткен оқуында үздік болған. Алайда дағыстандық жігіт институт терезесінен итеріп жібергеннен кейін, қиын жағдайға тап болды.

Өз кезегінде, Динара Сәтжан Томиристің ауыр жағдайда жатқанын айтып, оның өмірін аман алып қалу үшін ақша жинауға шақырды.

«Бүгін мен Томиристің өзімнің танысым, стилист Жанна Ахметованың қызы екенін білдім. ММХҚИ-да үздік оқып жүрген қыз басқа студенттердің көз алдында институттың 4-інші қабатынан құлап кетті. Оған 3 рет ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Бойжеткенге және оның анасына көмектесейікші», – деп жазды тележүргізуші.

Естеріңізге сала кетсек, Мәскеуде ММХҚИ-дің 4-інші курс студенті инситуттың терезесінен құлап кетті. Қазіргі уақытта бойжеткен ауыр жағдайда жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз