Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Дін істері министрлігі жастардың Сауд Арабиясына барып білім алуына бөгет қояды

Біздің тарап олардың ұсталуына – діни көзқарастары себеп болуы мүмкін дейді. Әзірге бұл тек болжам ғана. Сондықтан, осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін, ведомство бірқатар талапты күшейтіп, “Діни қызмет және діни бірлестіктер” туралы заң жобасына 60-қа жуық өзгеріс енгізуді жоспарлауда. Солардың ілкімдісі – неке туралы куәлігі бар жұптарды ғана шариғатқа сай некеге отырғызу, қауға сақал өсіріп, балақ кескендер мен қоғамдық орындарда қара киімге бүркеніп жүретіндерге айыппұл салу мәселесі. Министрлік осы талаптарды бұзғандарға орта есеппен 20 мың мен 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, біздің жастарымыз көптеген күмәнді теологиялық білім орталықтарында білім алып, сол жерде түрлі жат ағым жетегінде кетеді. Тіпті, экстремизим, терроризм бағытына ауып кетіп жатады. Сондықтан, біз бұл саланы реттеу керек деп ойлаймыз. Өйткені, қоғамнан осы жайт төңірегінде бізге көптеген ұсыныстар мен шағымдар түсіп жатыр»,- деді Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Берік Арын.

Қазір Қазақстанда 3 мың 600-ден аса діни бірлестік бар. Олардың барлығы тіркеуден өтіп, заңды түрде жұмыс істеп жатыр. Алайда, министрлік тарапынан олардың қызметі сәт сайын қадағаланып тұрады. Егер қандай да бір күмән тудырса, онда бірден лицензиясынан қағылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз