Кешегі Димаштың концерті алдында әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Астанадағы концертке әлемге аты танылған Лара Фабианның неге келмегенін түсіндірді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Алдында Димаш Құдайберген Қытайдағы „Мен әншімін„ телебайқауына қатысып жатқанда әлемдік деңгейдегі әнші Лара Фабиан оның өнеріне тәнті болып, кездескісі келетінін айтқан еді.
Алайда Қытайдағы байқау ұзаққа созылғандықтан Димаштың Лара Фабианмен кездесуі кейінге шегеріліп келген. Кейіннен Димаштың Астанадағы концертінде екеуі дуэт болып ән шырқайтындығы туралы сөз шықты. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Лара Фабианның Димашпен Астанада бірге ән орындауға дайын екенін мәлімдеген болатын.
“Министрліктің тарапынан сондай ұсыныстар болған, бірақ біз шығармашылық ұжымда талқылай келе, бүгін өнер көрсететін әншілерді таңдадық.
Лара Фабианмен алдағы уақытта дуэт болады.
Себебі бұл – жақсы шығармашылық идея, оларда да жақсы шығармашылық ұжым. Болашақта болады,
мұндай дүниелер асығыс жасалмайды”
, – деді Қанат Айтбаев.
https://kaz.365info.kz/dimash-lara-fabian-oryndajtyn-andi-tizerlep-tyryp-shyrkhady-video-251912
Айта кетейік, кеше Астанада Димаш Құдайбергеннің „Бастау„ атты ән кеші өтті. Ол 4 сағатқа созылып, 30 мың көрермен жинады. Көрерменнің 40 проценті шетелдіктер болды: негізінен, қытайлықтар мен ресейліктер.