Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Димаш Лондонда Би-Би-Сиге қазақша сұқбат берді

260

Әнші Лондондағы концертінен кейін бірнеше баспасөзге сұхбат берді деп жазады Sputniknews.kz.

Құдайберген BBC телевидениесі мен радиостанциясын аралап көрді. Британия қоғамдық телевидениесінің студиясында Димаш қазақ тілінде сұхбат беріп, шығармашылығы туралы әңгімеледі. BBC World Service радиостанциясында музыкант сенбі күнгі Cultural Frontline шоуында өзінің жетістікке жету тарихын баяндады. Радиостанцияны апта сайын әлемдегі 75 миллион адам тыңдайды, деп хабарлайды Red Point.

Сондай-ақ, қазақстандық өнерпаз The Independent интернет басылымының журналисіне өзінің музыкалық және шығармашылық карьерасы туралы айтып берді. Тілші қазақстандық әншіден қайда демалғанды ұнататынын сұрады. Димаш өзге мемлекеттерге тек жұмыс барысымен барғанын, шетелде ешқашан демалмағанын айтты.

«Қазақстанда Ақтөбе деген шағын қала бар. Сол жерде менің отбасым, ата-әжем, бүкіл туысым тұрады. Сол жерде мен керемет демаламын», – деп әнші ашық айтты.

Одан бөлек, жас әнші лондондық «Candid» журналының тілшісі Адам Зорганимен кездесті. Адам «indigo at the O2» залында өткен Димаштың концертінде болғанын және қазақстандықтың шығармасына тәнті екенін жеткізді.

«1883» интерактивті мультимедиялық платформасына Димаш өз шығармасы мен болашаққа құрған жоспары туралы әңгімеледі. Портал редакциясы сәнді музыка, кино, саяхат және өнер әлеміндегі соңғы жаңалықтарды таратумен айналысады.

Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті 19 қарашада Лондонда DQ деген атаумен өтті. Концерт залы лық толы болды – талантты әншінің өнерін тамашалауға 45 елден жанкүйерлер келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз