Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Димаш Құдайбергеннің концерті Нұр-Сұлтанда, Лондонда, Мәскеуде өткен болатын.
Министрдің айтуынша, осы тұрғыда келіссөздер әлі де жүргізіліп жатыр.
«Әлбетте, ол қазақстандық өнерді ең жетекші әрі әлемдік деңгейде танытып жүрген өте дарынды жігіт. Өздеріңіз білетіндей, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Димаштың көнцерті Нұр-Сұлтанда, Лондонда, Мәскеуде өткенін білесіздер. Биыл сондай концертті Нью-Йоркте өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін министрлік белсенді түрде келіссөздерді жүргізіп жатыр. Бірнеше зал ұсынылды. Залдардың бірнеше нұсқасын қарастырып, дарынның деңгейіне сай келетін ең үздігін таңдап алғымыз келеді. Сондықтан,
жылдың соңында АҚШ-та концертін өткізуді көздеп отырмыз
Қандай зал болатынын біз сіздерге міндетті түрде хабарлаймыз. Билет сатылымы да басталады», – деді министр.
Айта кету керек, Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та концерті өтетіні бұған дейін хабарланған болатын.
«Мәдениет және спорт министрлігі 2019 жылдың III тоқсанында Нью-Йоркте әлемге әйгілі «Madison Square Garden» алаңында Димаш Құдайбергеннің айрықша шоу-концертін өткізбек. Бүгінгі таңда аталған шоуды ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті», – деген еді бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.