Қытайдағы танымал тележоба «Мен әншімін» байқауына қатысып жатқан отандасымыз байқаудың VI кезеңінде тағы да I-орынды алды.
Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Бір қызығы аталған ән Димашты кездесуге шақырған Лара Фабианның орындауында танылған.
Айта кететін болсақ, Димаш аталған байқаудың алғашқы екі кезеңінде де І-орын алып, миллиардтар елінде феноменге айналып үлгерді. Сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды. 10 қаңтар күні Димаш Қытай көрерменінің алдына алғаш рет шыққан соң, жас әнші туралы Қытай баспасөзі жаза бастаған.
Тіпті кейбір басылым оны «Димаш – Тәңір өзі назарына алған жас әнші» деп бағалаған еді.
Естеріңізге салсақ, Димаш кәсіби әншілер ғана бақ сынайтын Қытайда өтіп жатқан „Мен әншімін„ телебайқауының екі кезеңінде де І-орын алды, ІІІ,ІV кезеңде ІІІ-орын,V кезеңде V-орын алған болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=_IsKkGT_EA0