Димаш Құдайберген танымал Азияға атағы жайылған КоКо Лимен бірге ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақ әншісінің Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасай отырып.
Айта кетерлігі, тұнық дауысымен тыңдарманының көңілінен шыққан 42 жастағы әнші келіншек Гонконгте дүниеге келген. Сахнаға 1993 жылдары шығып танылған. Кейіннен Тайваньға қоныс аударған. Қытай тілінің кантондық диалектісінде ән салады.
КоКо Ли талай әлемге танымал жұлдыздармен қосылып дуэт шырқаған. Оның Димашпен бірге салған әнін жанкүйерлер жоғары бағалады.