Бұл туралы “Хабар” агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында мәлім етті.
“Қазақ елі дарындарын қолдайды! “Хабар” агенттігі Димаш ұлын қолдайды! Ештен кеш жақсы дейді атам қазақ. Қытай тарапымен ұзаққа созылған қиын да күрделі келсісөздер артта қалды. Алла қаласа,
жаңа көктемгі маусымнан бастап “Хабар” арнасы ҚХР-да өтіп жатқан “I am singer” жобасындағы Димаш Құдайберген қатысқан барлық шығарылымдарды отандық көрермен назарына ұсынатын болады.
Қуан қазақ, қуан көрермен! Алға, Димаш!!” деп жазды Ринат Думанұлы.
Еске сала кетейік, “I am a Singer” жобасы Хунань телеарнасынан көрсетілетін реалити-шоу форматындағы музыкалық байқау. Мұнда байқау басынан бастап 7 үміткер қатысады және көрермендер дауысынан кейін әр апта сайын бір үміткер шығып қалады. Келесі аптада конкурс тағы бір жаңа қатысушымен толығып отырады.
Жоба өз бастауын 2013 жылдан алған. Шартқа сәйкес әр жобаға бір шетелдік әнші қатысуы тиіс. Биыл сол міндетті қазақстандық Димаш атқарып жатыр. Тиісінше ол құр қатысып қана қоймай, күллі әлем жұртшылығын дүр сілкіндірді десе де болады. Қазір Димаш IX кезеңнен соң, жалпы есепте көш бастап тұр.
Димаштың X кезеңде қытай тілінде ән орындайды. Ал алдағы сенбіде көрсетілетін ІХ кезеңде Димаш әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның “All by myself” әнін орындайды. Ол кезде Димаш ІІ-орын алғаны хабарланған болатын.