Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Димаш Әділет ресейлік аруға үйленуге ұсыныс жасады (видео)

750

Димаш Әділет өміріндегі маңызды қадамды достарымен басқосуы кезінде жасаған.

Ол сүйіктісінің көзін жауып қойып, ойламаған жерден оған өзінің өмірлік жары болуға ұсыныс білдірді.

Талай арудың жүрегін жаулаған сымбатты жігіт ғашығының алдында тізерлеп тұрып, сақина ұсынды. Виктория Димашқа “иә” деп жауап қайтарып, оның жары болуға келісімін берді.

View this post on Instagram

She said yes ❤️

A post shared by Dimash Adilet | Genève (@dimashadilet) on

Ресейлік модель үшін бұл күтпеген жайт болғаны анық. Арудың көзінен оның қатты таңғалып тұрғанын аңғаруға болады.

Оған қоса, ұсыныс жасау жоспарын тек сері жігіттің өзі ғана білген болу керек. Себебі, ол тізерлеп отыра бастағанда оқиғаға куә болған ғашықтардың достары да өз әсерін жасыра алмай, айқайлай бастады.

Димаш Әділет аталмыш бейнежазбаны өз парақшасына жүктеп, оқырмандарына ресми түрде бойдақтар қатарынан шыққанын жеткізді.

Алайда, қазақ жігітінің жеке өміріндегі өзгерісіне бірі қуанса, бірі керісінше қайғырып жатыр. Сылқымдар видеоға толассыз пікір қалдырып, сүйіктілерінің үйленгелі жатқанына бірі ашуын, енді бірі өкінішін білдіруде.

Димаштың соңғы жазбасы ғаламтор кеңістігінде қызу талқыланды.

“Сені мені таңдамағаның үшін кешіремін. Бірақ, біл мен сені өмірімнің соңына дейін сүйіп өтемін” , “Менің жүрегім жараланды. Енді ары қарай қалай өмір сүремін?” , “Қазақ қызы табылмай қалды ма?” , “Димаш сен менің жүрегімді жараладың” , “Өтінемін бұл қалжың деші” , “Не болып кетті, қалайша сен үйленбексің” , – деп жазуда қыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз