Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Девальвация босағада тұр: 8,4% инфляция басқа жол қалдырмауда

256
девальвация
Шілде айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық инфляция 8,4%-ды, шілдеде 0,7%-ды құрады. Бір ай ішінде (2021 жылдың маусымынан шілдесіне дейін) азық-түлік тауарларының бағасы 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 0,5%-ға, ақылы қызметтерге – 0,8%-ға өсті.

Сценарий қайталана ма?

Экономист Арман Байғановтың пікірінше, Қазақстанда қазір алаңдатарлық жағдай қалыптасуда: бақылауға көнбейтін инфляциялық процестер жүріп жатыр, бұл ел экономикасының әлсіздігін көрсетеді.

– Бір таңқаларлығы, барлық жерде инфляцияның деңгейі жоғары, өнім, тауар өндірісінің және қызмет көрсетудің өзіндік құны өсіп жатқан кезде ұлттық валюта бағамы тұрақты болып қалуда.

Қазір жағдай 2015 жылғы девальвация қарсаңындағы жағдаймен бірдей

Арман Байғанов, дереккөзі: телеканал «Хабар»

Бұл, сайып келгенде, экспортқа бағытталған көптеген компаниялардың банкрот болуына әкеледі. Осыны ескере отырып,

орта мерзімді перспективада ұлттық валютаны 5-10%-ға әлсірете отырып, түзету енгізу қажеттігі туындады деп ойлаймын,

 – деп ол өз пікірін білдірді.

Бәрі біркелкі емес

Сарапшы Андрей Чеботарев, өз кезегінде, жылдық инфляция деңгейі экономиканың әлсіздігін білдірмейді деп санайды.

– Әрине, инфляцияның жылдық деңгейі 8,4% басқа жақпен салыстырғанда шынымен де жоғары. Бірақ қазір коронавирустық дағдарыс бар және бүкіл әлемде инфляцияны тездететін ауқымды ақша қаражаты басылып шығарылды

Біз коронадағдарысқа 6%-дан сәл төмен, ал Ресей – 2%-дан төмен инфляциямен кірдік. Қазір оларда 6%, яғни үш есе өсті. АҚШ-та бұл өсім 3 еседен астам – 2%-дан төмен болды, қазір 6%-дан асады.

Андрей Чеботарев

Бұл Қазақстанның экономикасы Ресей мен АҚШ-тың экономикасынан мықты дегенді білдіре ме? Олай салыстыруға болмайды.

Шындығында, біз соққыға жақсы төтеп берудеміз. Шын мәнінде, қазір бүкіл әлем инфляцияның өсуінен зардап шегуде

2020 жылы көп ақша басып шығарылды. Біріншіден, дағдарысты жеңу үшін, екіншіден, экономиканың «күйреуі» орын алғандықтан. Біз елдердің ішкі нарықты қанықтыру үшін экспортты тоқтатқаның көрдік. Ал Қазақстан негізінен импорттаушы. Біздің экономикамыз импортқа тәуелді болғанына қарамастан, инфляция өсімі 50%-дан төмен. Бұл жақсы көрсеткіш. Әлемде азық-түлік бағасы бірінші жартыжылдықта 40% – ға қымбаттады. Бізде — 5,3%-ға өсті, — деп атап өтті Чеботарев.

Девальвацияны ынталандыру

Оның пікірінше, қазіргі экономикалық жағдайды 2015 жылдың тамыз айымен салыстыру дұрыс емес. Ол кезде қазіргідей әлемдік дағдарыс пен әлемдік деңгейде өсіп келе жатқан инфляция болған жоқ.

— 2015 жылдың тамызында бағамды Ұлттық Банк бекітті  — еркін құбылмалы бағам болған жоқ. Инфляциялық таргеттеуге — еркін өзгермелі бағамға көшу кезінде бір мезеттік девальвация орын алды.

Еркін өзгермелі курста девальвация орын алуы мүмкін емес, өйткені бағам нарықтық әдістермен анықталады

Иә, бүкіл әлемдік нарықтың бір сәтте айтарлықтай құлдырауы кезінде, егер мұнай ағымдағы бағадан 15-20 долларға дейін төмендесе,  ұлттық валютаның әлсіреуі орын алады. Бірақ ол биржаның ашылуында тепе-теңдікке ие болады. Бүгінгі күні мен теңгенің әлсіреуін күтпеймін. Қазіргі жағдайда, мұнай 70 доллардан қымбат болып тұрғанда, ол тек өседі”, — деп болжайды Андрей Чеботарев.

Ұлттық қор азайып барады

Экономист Айдархан Құсайынов пессимистік көзқараста. Оның айтуынша, теңге бағамы еркін құбылмалы болып тұр деген тұжырым жалған. Интервенциялар жүргізілуде, оған алтын -валюта резервтері жұмсалады. Ұлттық қордан аударымдар қор биржасына ауқымды көлемде түседі, осылайша айырбастау бағамын құлдыратады. Ал жоғары инфляция халықтың ұлттық валютаға деген сенімін төмендетеді.

– Курстың әлсіреуі экономиканың саулығы үшін қажет. Қазір бізде бәрі теңгенің неге нығайып келе жатқанына таң қалып отыр, алайда шілде айында алтын-валюта қорлары азайды

Демек, валюта толықтырылғаннан гөрі, көбірек жұмсалуда. Бұл импорттың жоғарылығын және көптеген адамдардың валюта сатып алып жатқандығын көрсетеді, – деді ол.

Айдархан Құсайынов

Теңге қашан құлдырайды?

Құсайынов ерте ме, кеш пе теңгені девальвациялауға тура келетінін айтты.

– Қазіргі жағдай қанша уақытқа созылатынын білмеймін. Бірақ Ұлттық банк төрағасының өзі 2023 жылы біздің Ұлттық қордың валютасы ЖІӨ-нің 30 пайызынан аз болатынын айтты. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл Ұлттық қорды одан әрі жұмсауға болмайтын шек. Девальвациямен жағдай реттеуге болады.

Естеріңізде болса, доллар 180 теңге болған кезде, сол кездегі Ұлттық банктің төрағасы Келімбетов мырза теңгенің қашан құлдырайтынын айта алмады. Бір жарым жыл ұстап, тамыз айында құлдырады

Немесе 2020 жылы 7 наурызда қазіргі төраға Ерболат Досаев курсты 380 теңге деңгейінде ұстап тұру керектігін айтты. Бірақ 21 наурызда 460 теңге болды. Сондықтан девальвация қашан болатынын айту қиын. Мүмкін күзде немесе мүмкін ағымдағы курс келесі көктемге дейін сақталуы мүмкін. Себебі бағам сақталып, реттеуде болған кезде девальвация туралы шешім күтпеген жерден қабылданады, — деді экономист.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз