Кеше Алматыдағы «ескі алаң» – «Астана» алаңын полицейлер жауып тастап, қала орталығында қатқан кептеліс туғызды. Сөйтсек, салтанатты шарада қала полицейлеріне жаңа көліктер табысталыпты.
Полицейлерге 118 дана жаңа Kia Cerato көлігі берілді.
Жай Kia Cerato емес, осы модельдің рестайлингтен өткен жаңа нұсқасы. Полицейлер ауаны ластамай жүрсін деп, бұл көліктерге газбен жүретін қондырғылар орнатылған екен.
Полицейлерге көлік сату бойынша тендерді бұл жолы «Бипэк Авто» компаниясы жеңіп алған екен.
Бұл көліктердің тіркеу нөмірлері де жаңа форматта – әріп жоқ, тек төрт саннан тұрады.