Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-14
USD
522
+6.56
EUR
544
+7.76
RUB
5.05
-0.13

Деструктивті ислам және жаңа тәртіпсіздіктер — олар бізге қауіп төндіре ме? — сарапшы

111

Қазақстанда радикалдану қаупі сақталуда, деп ескертеді саясаттанушы Замир Қаражанов, бірақ бұл міндетті түрде ислам радикализмі болмауы мүмкін. Бұған халықтың кедейленуі себеп. Қаңтар оқиғаларының себептерінің бірі — қоғамның кедейліктен шаршауы. Бұл дағдарысты шешпесе, соңы жаман болуы мүмкін.

Кез-келген дін әлеуметтік әділеттілікке сендіреді

— Қоғамдық саясат институтының жақында жүргізген зерттеуі күтпеген нәтиже көрсетті. Оған сенсек, қала жастары қазір ауыл жастарына қарағанда діндар, бұрын керісінше еді. Әлде бір қателік кетті ме?

— Қала мен ауыл жастарының діндарлығының арақатынасына келетін болсақ, мен бұл сәтті растай да, жоққа шығара да алмаймын, менде ондай деректер жоқ.

Бірақ егер діндарлықтың күрт өсуі туралы айтатын болсақ, Қазақстанда бұл тайға таңба басқандай көрініп тұр

Көбі дінге кетіп жатыр (негізінен, әрине, ислам дініне). Жұма күні мешітке келсеңіз өзіңіз көз жеткізесіз. Олардың ішінде жастар көп — шамамен 36 жасқа дейінгілер. Қазір тіпті мектеп жасынан бейімделеді. Сондықтан үрдіс бар.

— Ол қайдан келді, неге бұлай болды? Бұл білім беру жүйесінің кейбір кемшіліктері ме, әлде діндарлықта тұрған ештеңе жоқ па?

— Мен бұл трендті білім берудегі қателіктермен немесе діндарлардың білімсіздігімен байланыстырмас едім. Мешітке жоғары білімі бар адамдар барады. Тренд жас кезден басталады, қазір бұл ортада дін өте танымал, жастардың бір-біріне әсерін ескеру қажет.

Олар достары мен таныстарын тартады, масштаб көшкін тәрізді кеңейеді.

— Дегенмен осынша танымалдылыққа ол қалай ие болды? Кейбір сарапшылар қоғамда әлеуметтік әділеттілікке сұраныс артып келеді және бұл сұранысты қанағаттандыра алатын дін деп санайды.

— Бұл тұжырыммен келісуге болады және бұл тек исламға қатысты емес.

Әлеуметтік әділеттілік деген түсінік бар, және кез-келген дінде ол өте жақсы көрініс табады, өйткені топтың өзі өте жақсы ынтымақтасады

Кез-келген дін бірігіп, бір-біріне көмектесу керек дейді. Әсіресе билік шеше алмайтын жағдайларда. Осылайша әлеуметтік әділеттілік іске кіріседі және ол өте жақсы жұмыс істейді, әсіресе қиыншылыққа тап болған адамдарға көмектесу керек болған жағдайларда. Осыдан қоғам арасында кең таралады.

Қаңтар нені көрсетті

Мемлекеттің кез-келген әлсіздігі, оның тиімсіздігі және азаматтардың өзекті мәселелерін шеше алмауы әлеуметтік әділеттілік принциптерін уағыздайтын кез-келген ұйымның (оның ішінде діни сипаттағы) әрқашан жеңіске жетуіне әкеледі. Ешқандай репрессивті механизмдер оны бұза алмайды.

— Бұл маған бір нәрсені еске салады.

— Қазақстанда соңғы уақытқа дейін жағдай шамамен ұқсас болды.

Мен Тоқаевты мақтамаймын, бірақ ол келген соң халықтың әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөліне бастады

Қоғамдағы теңсіздік туралы бұрын да айтылған. Назарбаев халықтың табыс деңгейі бойынша алшақтық туралы бірнеше рет айтқан болатын, тек осының бәрі сөзбен айтылып, ештеңе жасалмады. Енді ғана қандай да бір амалдар жасала бастады. Қалай іске асатынын уақыт көрсетеді.

Жалпы, қаңтар әдемі сөздер айтылса да, ештеңе жасалмайтын жүйеде өмір сүруден қаншалықты шаршағанын айқын көрсетті. Қайталап айтамын, бұл әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтауға уәде беретін кез-келген ұйым үшін өте қолайлы орта.

Деструктивті секталар да келуі мүмкін

— Діндарлықтың кең етек жаюы біздің қоғам үшін жақсы ма, әлде жаман ма? 

— Исламда көптеген ағымдар бар. Дәстүрлі түрде үлкендерге құрмет, отбасылық құндылықтар, қоғамдық тәртіпті сақтау уағыздалады… бәлкім, бұл жақсы шығар. 30 жылда бұл үрдіс құрдымға кетіп барады.

Екінші жағынан, адам құқықтарына, әсіресе әйелдер құқығына қатысты сәйкессіздіктер бар.

Бұл ретте экономиканы дамыту тұрғысынан проблемалар туындауы мүмкін. Мысалы, кез-келген дінде өсім алу құпталмайды, бірақ бұл экономиканың негізі. Экономика үшін пайда ұғымы өте маңызды, ол одан әрі дамуға түрткі болады, егер ол болмаса, экономика тоқырайды.

— Біз де зайырлы мемлекеттен Иран сияқты елге құлдыраймыз деген қауіп бар ма?

— Ол үшін қоғамда радикализм рухы өте күшті болуы тиіс. Мысалы, Иранда дәл солай болған. Шах кезінде экономикалық реформаларда өте маңызды қателіктер жіберілді — олар батыстандыруға өте өткір бағыт алды, яғни олар батыстық модельді негізге алды. Ал қоғам бұған дайын болмады. Реформалардың өзі экономикада өрескел нәтижелерге әкелді: азаматтардың шағын санаты бай, қалғандары кедей болды. Наразылық көңіл-күйі өсе бастады, қоғам ішінде радикалдану орын алды. Осы негізде зайырлы мемлекеттен діни мемлекетке айнала бастады.

Егер терең дағдарыс болса, соның ішінде реформалардағы қателіктер болса, кез-келген жағдай орын алуы мүмкін

Бірақ клерикализм туралы нақты айтатын болсақ, қоғамның басым бөлігі діндар болуы керек. Кез-келген христиан елінде де дәл солай қайталануы мүмкін, өйткені кез-келген катаклизмде, негізінен, қоғамның қажеттіліктері мен құндылықтарына сәйкес келетін ағымдар күшейеді.

— Деструктивті діни ағымдардың қаупі ешқайда кетпеген шығар?

— Халық діни идеяларға қатты қызығушылық танытқан кезде, өз идеяларын алға тартатын секта да келуі мүмкін. Мемлекет оларды бақылап, қарсы тұра ала ма?

Аль Каида тұрақтылықты сақтай алмайтын елдерде күшейе түсті. Шын мәнінде, мемлекеттік органдар онда мүлдем жұмысын тоқтатты. Белгілі бір вакуум пайда болды, ол радикалдарды көбейтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз