Олардың қатарына тіпті стоматологиялық көмекті де қосқан жөн шығар.
Қол қоюшылардың пікірінше, құрастыру кезінде бірнеше маңызды факторлар ескерілмеген.
Сондай-ақ, мәжілісмендердің зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға сенімді басқаруға аудару мәселесі бойынша наразылықтары бар.
Жақында аталған ведомстволар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емге пайдалану және басқарушы компанияларға сенімді басқаруға беру қағидаларын бекітті.
— Екі құжатты да белгісіз автордың келесі дәйексөзімен сипаттауға болады: “Егер мен сіздің үмітіңізді ақтай алмасам, ренжімеңіз, өйткені бұл менің емес, сіздің үмітіңіз”, — дейді қол қоюшылар.
Алдымен депутаттар зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану ережелеріне қатысты наразылықтарын білдірді.
Зейнетақы жинақтары есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер тізімінен
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және МӘМС шеңберіндегі қызметтер алынып тасталды
Алайда, біріншіден, МӘМС аясында медициналық қызмет алу үшін ол жаққа аударымдар жасап отыру қажет. Бірақ миллиондаған қазақстандық аударымдар жасамайды және сәйкесінше ешқандай тегін медициналық қызмет ала алмайды.
— Сондықтан зейнетақы төлемдері есебінен көрсетілетін тегін медициналық қызметтерді тізімнен алып тастау сын көтермейді, – деп есептейді мәжілісмендер.
Екіншіден, бағдарламалар аясында бірқатар тегін қызмет алу үшін алдымен квотаны күтіп кезекте тұру керек.
Мысал ретінде экстракорпоралды ұрықтандыруды (ЭКҰ) келтірді. 2021 жылдан бастап квоталар саны 7 мыңға өсті, бірақ бұл жеткіліксіз. Статистикаға сәйкес, еліміздегі әрбір алтыншы отбасының балалары бола алмайды.
Қазір кезекте 10 мыңнан астам адам тұр, яғни 3 мың отбасы 2021 жылы мемлекеттік квота ала алмайды
— Ал егер МӘМС есебінен біреуден артық ЭКҰ жасау мүмкін емес болса, ал көп жағдайда бірінші ЭКҰ сәтсіз болатынын ескерсек, қазақстандықтар үшін бұл одан да өткір мәселеге айналады, — деп атап өтілген сауалда.
Депутаттар азаматтарға зейнетақы жинақтарын ауыр сырқаттардан кейін оңалға және қалыпқа келуге, сондай-ақ косметологиялық операциялар мен процедураларға жұмсауға рұқсат беру керек деп санайды. Бәлкім, бұл тізімді стоматологиялық көмекпен толықтыру қажет шығар.
Медициналық қызметтердің тізімін азаматтық және медициналық қауымдастықтармен талқылау ұсынылды.
— Енді басқару туралы. Ережеге сәйкес, қаражат Отбасы банктің арнайы шотына түскеннен кейін алушы өзі тіркелген жердегі медициналық ұйымға дәрігерлік комиссияның қорытындысын сұрап, өтінішпен жүгінеді. Бұл тармаққа сәйкес науқас медициналық ұйымға өзі келуі керек. Бұл жағдайда жүре алмайтын азаматтар не істеуі керек,
әсіресе медициналық себептермен төсек тартып жатқан болса?
— деп сұрақ қояды депутаттар.
Мұндай жағдайларда олар “дәрігерлік комиссияның қорытындысын алудың жеңілдетілген тәртібін, болмаса дәрігер өзі баруын” қарастыруды ұсынды.
Бұдан өзге, комиссияға бейінді маманның қорытындысын ұсыну қажет.
Ол үшін міндетті түрде куәландыру, түрлі сараптамалар мен тексерулер қажет
Бұл қосымша ақша мен уақытты алады.
— Бір нәрсе анық — процедуралық мәселелерді баяндауға аса мұқият қарау өте маңызды. Азаматтарды емдеу мәселесі кабинеттен кабинетке өтіп, қағазбастылыққа әкелмеуі керек, – деп атап көрсетіледі сауалда.
Бұдан әрі зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға сенімді басқаруға беру қағидалары туралы айтылды. Қол қоюшылардың айтуынша, олар
БЖЗҚ бүгінде жұмыс істеп жатқан ережелердің көшірмесі
Демек, олардың кірістілігі бірдей болады.
Жеке басқарушылар үшін неғұрлым икемді инвестициялық декларация қабылдау қажет деп санаймын. Олар инвестицияларды ең үздік әлемдік инвестициялық қорларға ұқсас жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуы тиіс.