Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Депутаттар Білім министрін жауапқа тартуды талап етіп отыр

3418
А. Аймағамбетов. Сурет Facebook-тегі парақшасынан алынды

Шатырдағы оқу

Бұл туралы Еспаеваның депутаттық сауалына сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады.

«Ақ жол» фракциясы» Білім министрлігі мен үкіметтің назарын білім берудегі цифрландырудың жағдайына, көптеген мектепте тұрақты Интернеттің болмауына, білім беру жобаларын іске асырудағы сәтсіздікке бірнеше рет аударды.

Білім беруді ақпараттандыру саласындағы кемшіліктер коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізіліп, қашықтықтан оқытуға көшкен кезде мыңдаған баланың іс жүзінде білім алмауына әсер етті.

Біздің мыңдаған ауылда интернеттің жоқтығы, мектептердің техникалық жабдықталуының жетіспеушілігі, ата-аналар мен мұғалімдердің шатыр мен ағашқа шығуға мәжбүр болғаны туралы айтқанымыздың бәрі – рас, ал шенеуніктердің батыл жауаптары шындыққа жанаспайды», — деді Еспаева.

Интернеті жоқтар қалай білім алады?

Сонымен қатар, ол көп балалы ата-аналар барлығы бір смартфон пайдаланғандықтан балаларының қашықтан қалыпты оқи алмайтындығына шағымданатынын атап өтті. Алматыдан 24 км қашықтықта орналасқан Қаскелең қаласын қоса алғанда, көптеген өңірлерде тұрақты интернет-байланыс жоқ.

«Бірақ мемлекет бөлген қаражат қайда кетті? Бұл риторикалық сауал емес, шілде айында Білім министрінің алдына қойған нақты мәселе. 2016 жылдан бастап білім беру жүйесіне республикалық бюджеттен 28 млрд теңгеге жуық сомаға трансферт бағытталды, оның ішінде 12 млрд теңге — 6152 мектепке мультимедиялық жабдық сатып алуға, 16,5 млрд теңге — 7160 мектепті жылдам интернетпен қамтамасыз етуге және цифрлық білім беру ресурстарын қосуға бағытталды. 2017 жылы БҒМ бастамасымен Дүниежүзілік Банктің орта білім беруді жаңғырту жобасына 67 млн доллар сомасындағы қарызы тартылды. Жобаның мақсаты — ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім сапасын теңестіру. Ол үшін 5 мың мектепті мультимедиялық жабдықтармен жабдықтау туралы шешім қабылданды. Барлық мектеп компьютер және огртехникамен жабдықталады деп жоспарланды, ең бастысы – Интернет жылдамдығы төмен барлық мектептер үшін тұрақты сымсыз байланысты қамтамасыз ету үшін жабдықтар жеткізу жоспарланған болатын», — деп атап өтті Еспаева.

Ескі проблемаға жұмсалған жаңа шығындар

Дегенмен оның айтуынша, осы уақытқа дейін жобаның үшінші жылында ауыл мектептерін интернетпен қамтамасыз ету үшін компьютерлер мен жабдықтар сатып алуға конкурс жарияланбаған, тіпті техникалық тапсырмалар да әзірленбеген.

«Сонымен қатар, Қазақстан үшінші жыл қатарынан  БҒМ мектептерді ақпараттандырумен және сымсыз интернетпен қамтамасыз етпегені үшін бюджеттен 160 мың долларға жуық қарызды резервтеу үшін комиссия төлейді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың шілде айында БҒМ Үкіметке интернет арқылы мектеп сабақтарының қолжетімділігін цифрландыру үшін мектептерді жабдықтармен жарақтандыруға 72,4 млрд теңге жаңа қаржы бөлді», — деп атап өтті депутат.

Еспаева мәлімдегендей, 29 шілдедегі хатта депутаттар министрден 67 млн долларға халықаралық қарыздың орындалмады, БҒМ жауапты тұлғаларының қайсысы осындай бастама көтерді, бүгінде 300 мың доллардан асып кеткен  пайдаланылмаған қаражат бойынша тұрақсыздық айыбын кім төлейді деген сұрақтарға жауап беруді сұрады. Сонымен қатар, депутаттар министрден мектептерді цифрландыру жөніндегі жобаның бұзылғаны үшін кім және қандай жауапкершілікке тартылатыны, 2016 жылдан бастап мектептерді ақпараттандыруға жергілікті білім беру басқармалары бөлетін қаражаттың қалай игерілгені, оларды пайдаланудың тиімділігіне тексеру жүргізілгені, БҒМ қол жеткізілген нәтижелерді қалай бағалағаны және қашықтықтан оқытудың сәтсіздіктеріне кім жауап беруі тиіс деген сұрақтарға жауап беруді талап етті.

Министр неге үгндемей отыр?

Жауап заңмен белгіленген бір ай мерзімде алынбағандықтан, депутаттар ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қойылған сұрақтарға жауап беруге және депутаттар сұраған ақпаратты беруден жалтарған БҒМ лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартуға міндеттеуді талап етті.

Бұдан басқа, олар ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетіне Дүниежүзілік банктің сыртқы қарызының пайдаланылмаған қаражатының себептерін қоса алғанда, білім беру мен қашықтықтан оқытуды цифрландыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына тексеру жүргізуді, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет атынан осындай негіздер бойынша тартылған қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне тексеру тағайындауды талап етті

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз