Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Депутаттар ел атауының ағылшыншасын түзеуге қатысты пікір білдірді

144

Алдында Қазақстан сөзінің ағылшынша жазылуы дұрыс емес деп сенатор Қасым-Жомарт Тоқаев мәселе көтерген болатын.

“Бұл мәселені әлі де зерттеп, тексеру керек. Біріншіден, халықаралық тәжірибеде, құжаттарда Қазақстан сөзінің қазіргі ағылшынша жазбасы жазылып, баршамен мақұлданып қойған. Оны өзгертсек қалай болады? Әрине, бұл арада лингвистердің пікірін тыңдауымыз шарт. Сыртқы істер министрлігімен кеңесіп, оны Батыс қалай қабылдайды, соны зерттеу керек”, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Мәжіліс депутаты Ирина Аронова егер қазақстан сөзінің ағылшасын өзгертетін болсақ, одан үлкен шығынға ұшырамаймыз деп санайды. „Бұл дұрыс нәрсе, қатені түзеу ешқашан кеш емес, Қазақстан онсыз да танымал, одан үлкен нәрсе жоғалтамыз деп ойламаймын„ – дейді ол.

“Мен бұрынғы атауды жақтаймын. Өйткені ағылшынша KZ – бұл біздің бренд. Меніңше, ешнәрсені өзгертіп қажеті жоқ„ – дейді депутат Ольга Шишигина.

“KAZAKHSTAN дегенді ағылшынша дұрыстап жазсақ, ол QAZAQSTAN болуы керек, осылай етсек, біздің еліміздің атауы әлдеқайда анық болады”, – деп жазды бүгін сенатор Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі жеке парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз