Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Депутат елімізде сұйытылған газ тапшы болуы мүмкін екенін айтты

Бұл баға экспорттық бағадан ғана емес, көршiлес елдердегi көтерме бағадан да айтарлықтай төмен. Мұндай жағдай сұйытылған мұнай газын шығаратын зауыттар мен өндiрiстердi газды заңсыз экспорттауына итермелейтiнi сөзсiз.

Сондай-ақ, бағаның төмендiгiнен аталған зауыттар мен өндiрiстер өз зарарына жұмыс жасап отыр. Тек 2017 жылы олардың ала алмаған кiрiсi 48 миллиард теңгеден асты», – дедi заң жобасын таныстырған Мәжiлiс депутаты Бақтықожа Iзмұхамбетов.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары сұйытылған мұнай газына сұраныс екi есе өскен. Дегенмен, 2019 жылы сұйытылған газ тапшылығы пайда болуы мүмкiн. Аталған заң жобасы осы тапшылықты болдырмауға бағытталған.

Бұл үшiн заң жобасында сұйытылған мұнай газын өндiретiн зауыттар мен өндiрiстердiң газды делдалдарсыз, тiкелей сату мәселесi қаралып отыр.

Заң жобасында электрондық сауда алаңын енгiзу қаралған. Ол 2019 жылдың 1-шi қаңтарынан бастап, 2021 жылдың 1-қаңтарына дейiн кезең-кезеңмен екi жылдың iшiнде енгiзiледi. Заң аясында тағы да басқа шаралар қарастырылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз