Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Депутат аға-апайлар!..”. Оқушы қыз мектептегі балалардың суицидке неге баратынын айтты

101

Өзімді жалғыз сезіндім: Өзіне қол жұмсамақшы болған қыз “111” сенім телефонының қалай көмектескенін айтып берді

«Ата-анам бес жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Содан кейін мені тәтем өз үйіне алып кетті. Бірінші күні басқа төсекте ұйықтағанымда ата-анамның бұл өмірде жоқ екенін түсіндім. Бұған дейін олардан айырылып қалудың не екенін түсінбегенмін. Мен ата-анам болмаса өмір сүрмеймін деп ойладым. Себебі, оларсыз өмірді еселтете де алмадым. Бірақ, әрқашан туыстарым қолдау көрсетіп тұрды. Содан мектепке бара бастадым.

https://kaz.365info.kz/papa-men-a-shany-rlamadym-15-zhasta-y-balany-asylyp-ler-aldynda-y-haty-233597

Бірақ мектепте жасөспірімдік мәселелер басталды. Сабақ оқуды тастап кеттім десе де болады. Бұған қоса – сыныптастар, маған қатысты қауесет әңгімелер де бар. Осыған байланысты бәрі нашарлай бастады. Өзімді қатты жалғыз сезіндім. Осылайша, ішімнен тына бердім, себебі кіммен сөйлесерімді де білмедім.

Ақыры суицид туралы ойладым. Бұған қатысты ғаламтордан көп ақпараттар таба алатынымды білдім. Содан әртүрлі сайттарға кірдім. Тіпті, бұны қалай жасау керектігін көрсететін фильмдер, сериалдар, посттар, әндер бар екен»,

– деді қыз.

https://kaz.365info.kz/almatyda-16-ga-tolmagan-40-tan-astam-khyz-zhykti-eken-295003

Оның айтуынша, ол сол сәтте мектебіне мамандардың келгенін және 111 сенім телефонын есіне алды. Жасөспірім мамандар бұның бәрі жасырын және бұл туралы ешкім білмейді деп сендіргенін айтты.

«Мен операторға хабарласып, жағдайымды баяндап бердім. Ол маған психологпен сөйлесуді ұсынды. Бірақ, мен бұл туралы оларға айтуға ыңғайсыздандым. Себебі, мені түсінбейтін шығар деп ойладым. Алайда, онымен ұзақ уақыт сөйлескеннен кейін жалғыз емес екенімді түсіндім. Ол менің мәселелерімді шешуге көмектесті.

https://kaz.365info.kz/daj-sa-tasyn-rbir-besinshi-bala-suitsidke-bejim-235474

Содан мен жалғыз емес екенімді және жақындарымның бар екенін түсіндім. Олар маған кез-келген уақытта сенім телефонына хабарласып, көмек сұрай алатынымды жеткізді. Сондай-ақ, ол психологқа баруды және туыстарыммен сөйлесуді ұсынды», – деп есіне алды жасөспірім.

Жасөспірімнің сөзінше,

психолог оған үнемі қоңырау шалып, өзін қалай сезініп жүргенін, денсаулығын, жалпы жағдайын сұрап тұрған екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз