Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
2
USD
426
-0.24
EUR
496
+0.41
RUB
5.99
-0.01

Депутатқа тиесілі кәсіпорын контрабандамен ұсталды

“Көліктен Қытайда жасалған спорт киімдері табылды. Қылмыстық іс қозғалып, айыппұл салынды. Компания кеден төлемдерін де өтеп берді. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі”, – деді мемлекеттік кеден қызметінің баспасөз хатшысы Жаманак Мусурканов.

“Мадина-текстиль” кәсіпорынының қожайыны ретінде Социал-демократиялық партиясы атынан бесінші шақырылымдағы парламентте депутат болған Тұрсынтай Салимовты атайды. Кәсіпорын екі жыл бұрын “Бішкек” еркін экономикалық аумағында тіркелген. “Мадина” жетекшісі Ришат Насыров контрабанда тасыды деген айыптарды жоққа шығарып, кеденде ұсталған “киімдер қытайлық әріптестердің тауары” еді деп ақталған.

Сыбайласқан жемқорлықпен күрес іскерлік кеңесінің бас хатшысы Нұрипа Мұқанова контрабандалық тауар тасудың ескі жолы әлі күнге дейін қолданылып жүргенін мәлімдеді. “Оларды жоғарғы лауазымды шенеуніктер қорғаштайды. Сол себепті біздің экономикамыз дамымайды, ал жекелеген адамдар одан қыруар табыс табады”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз