Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Денсаулық сақтау министрлігі шырындар мен газдалған сусындарға салық салуды ұсынды

2021 жылдың қаңтар айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жаңа тұжырымдама кедергі болды. Жақында бұл құжатты шылым шегумен танымал күресуші Жәмила Баттақованың басшылығымен Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы ұсынды. Қазақстандықтардың салауатты өмір салты үшін күресте

Денсаулық сақтау министрлігі мен оның “еншілесі” құрамында қант бар сусындарға 20 пайыздық акциздік салық салуға шешім қабылдады. Сондай-ақ олардың жарнамаларын шектемекші

Бұл дегеніміз, лимонадтар мен шырындар темекі мен алкоголь сияқты әзәзілдермен қатар тұратынын білдіреді.

Қант – дұшпан ба, жоқ па?

“Алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының” жетекшісі Әлия Мамытбаеваның айтуынша, құрамында қанттың болуы өнімнің зиян екендігінің көрсеткіші емес.

— Адамның ол өнімді өзінің тұтынған мөлшері көрсеткіш болып табылады, – дейді Әлия. — Сондай-ақ оның хабардар екендігі де көрсеткіш. Кез-келген өнімді олардың қалауына, денсаулығы мен өмір салтына қарай әлдеқайда зияндылығы төмен өніммен алмастыруға болады. Құрамында қант, тұз немесе басқа “илем” астына түсіп кететін қоспалар бар азық-түліктерді “қаралау” адамның өз денсаулығына жауапсыз қарау мәселесін шешпейді. Есесіне тамақ өнімдері саласындағы бизнеске көптеген кедергілер жасайды.

Алия Мамытбаева

Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы әлі де Ұлттық экономика министрлігімен келісілетіндіктен, азық-түлік өндірісі саласының мамандары вице-министр Азамат Әмринге жаңа тұжырымдаманы талқылауға көбірек сарапшылар тобын қосуды сұрады.

Өндірушілер кез-келген тамақ өнімдерін жаман етіп көрсету тым жағымсыз үрдіс деп санайды

Әсіресе қазақстандық өндірушілер үшін. Олар жоғары бәсекеге қабілетті жағдайда жұмыс істейді және өздерінің жеке инвестициялары алдында жауапкершіліктері бар.

Азық-түлік өндірушілер, СӨС жалпы әлемдік үрдіске айналғанын, ал қант, тұз және транс-майларды тұтынуды азайту – қажетті шара екендігін мойындайды. Олар мұндай өнімдерді тұтынуды азайту бағытында шынайы өзгерістер енгізеді. Мәселен, бүкіл әлемде шырындарды тұтынуға қатысты өзгерістер орын алды. Сонымен қатар, көптеген ірі компаниялар осы ингредиенттердің мөлшерін азайту арқылы өнімдерінің рецептурасын өз еріктерімен өзгертті. Егер халық қалыпты мөлшерде тамақтануды және ішуді білмесе, бизнесті шектеудің мәні не? Мысалы, жапондықтар алкогольсіз салқындататын сусындарды көп тұтынса да, американдықтар сияқты артық салмақтан зардап шекпейді. Себебі олар көп қозғалады.

Зерттеулер көрсеткендей, қазақстандықтарға “зиянды” газдалған сусындарды көп ішу тән емес. Егер мемлекеттік органдар халықтың қантты шамадан тыс тұтынатынына шағымданатын болса, демек оның көп бөлігі адам ағзасына сусындардың құрамы арқылы емес, қантты таза түрінде немесе құрамында қант бар басқа өнімдермен бірге пайдалану арқылы түседі.

Дүниежүзілік банк не айтты

— Қазақстандықтардың тамақ ішу дағдылары мен күнделікті рационындағы тұз, май және қантты есепке алып, ауқымды ұлттық зерттеу жүргізу қажет, – деп есептейді Әлия Мамытбаева. — Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлап отырған ең радикалды шараларға жүгіну үшін әр өңір үшін жаңа тұтыну нормалары қажет. Мұндай зерттеу нақтырақ айтсақ, 70-жылдардан бері жүргізілген жоқ. Тамақтану бойынша ұсыныстар әзірлеген кезде осы нормалар және аймақтардағы белгілі бір өнім түрлерінің қол жетімділігін ескеру керек. Бұл белгілі бір сала мамандарының еңбегі мен ұзақ уақытын қажет ететін қымбат зерттеу.

Әрине, мемлекет басын ауыртқысы келмейді, климаты, географиясы және экономика деңгейі көбінесе Қазақстанмен сәйкес келмейтін елдерден “үздік тәжірибелер” деп аталатындарын жинап алып, “зиянды өнімдердің” белгілі бір тобымен күрес жариялау, өндірушілерді шектеу және “ұлт денсаулығын” осымен қамтамасыз еттік деп санау әлдеқайда оңай.

Халықаралық тәжірибеде “теңдестірілген диета” оңтайлы болып саналады, оның құрамында адам үшін барлық қажетті компоненттер, макро – және микронутриенттер, оның ішінде ағзаның дұрыс дамуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті қант пен тұз да бар, яғни “тағамның жекелеген санаттарын алып тастауға арналған диета” емес. Кейбір өнімдерді “зиянды” өнімдер қатарына жатқызу туралы ұсыныс та сертификатталған өндірісте өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылайтын ережеге қайшы келеді.

Бұл жерде сөз болып отырғаны, лимонад немесе шұжық өндірісінде консерванттар ретінде қосылатын қант пен тұз мөлшерін төмендету соңғы өнімнің дәміне әсер етеді. Ал бұл тұтынушының наразылығын тудыруы ғажап емес. Өйткені, сусындарға, қытырлақ картоп пен шұжықтарға қарсы шығып жүрген Денсаулық сақтау министрлігі де, жекелеген қоғам қайраткерлері де қазақстандықтарды үйде кәмпиттермен, печеньемен қант қосылған шайды ішуге немесе сорпаға тұзды аз салуға шақырмайды.

Неліктен олар алкогольсіз сусындарды зияндылығы бойынша темекі мен алкогольге теңестіруге шешім шығарды?

Бұл белгілі бір зерттеу негізіндегі Дүниежүзілік Банктің ұсынысы екен.

Бірақ оны зерттей отырып, тағам өндірушілері бұл біржақты қарастырылған және ең алдымен салық схемасын енгізуге бағытталған іс-шара деген қорытындыға келді. Бірақ, бастапқыда халықаралық тәжірибеде бұл шара халықты сауықтыру мақсатында енгізілген болатын.

Мен жауап бермеймін, жауапкершілік — менде емес

— Бұл өндірушілерді құрдымға кетіреді, – дейді Әлия. — Біз 20 пайыздық акцизсіз де бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істейміз. Қазақстан үшін сусындарға салынатын акциздік салық экономикалық жағынан да, сауықтыру жағынан да тиімсіз. Ал сала үшін салдары, әсіресе қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін қайтарымсыз болады. Олар индустрияның 90%-дан астамын құрайды.

Айтпақшы, ДДҰ құрамында қант бар сусындарға салық салу экономикалық тұрғыдан тиімді шара емес екенін мойындайды

ДДСҰ-ның жұқпалы емес аурулардың алдын-алу жөніндегі директоры, доктор Дуглас Бетчердің 2017 жылдың соңында Монтевидеода жасаған баяндамасында сусындарға салық салу жұқпалы емес аурулармен күресудің ең тиімді 16 жолының қатарына кірмеген.

– Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сенбеуге сізде қандай себеп бар? Дегенмен, бұл өте беделді құрылым.

— Біріншіден, зерттеудің алғысөзінде “осы жұмыстағы тұжырымдар, түсіндірулер мен қорытындылар Дүниежүзілік Банктің Атқарушы директорлар кеңесінің немесе олар өкілдік ететін елдер үкіметтерінің ұстанымын білдірмеуі мүмкін” деп айтылған.

Дүниежүзілік банк осы жұмыста қамтылған деректердің нақтылығына кепілдік бермейді»

Бұл күмәнді емес пе? Біздің салаға акцизді енгізу туралы ұсыныстар біржақты берілген. Ал бізде зерттеуге қатысты көптеген сұрақтар бар.

Мәселен, акцизді енгізудің негізгі себебі ретінде Қазақстанда құрамында қант бар сусындардың шамадан тыс тұтынылатынын келтіреді. 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде бұл көрсеткіш елімізде бір адамға шаққандажылына  36,7-ден бастап 49,2 литрге дейінгі мөлшерді құрайды. Ресейдің көрсеткіші де біздікімен бірдей. Бұл әлемдік көрсеткіштен 41,2%-ға төмен.

Мысалы, американдықтар жылына орта есеппен 287 литр алкогольсіз тәтті сусындар ішеді. Немістер — 300 литр. Венгрлер — 207 литр.

Әсері нөлмен тең

– Бұл шараны сауықтыру мақсатында енгізген және осы шараны басқа елдерде таратудың оңтайлы триггері болған Мексикада сусындарды тұтыну деңгейі өте жоғары және қалыптасқан әдет болып табылады. Бұл ретте, есепке алынбайтын факт

салық енгізілгеннен кейінгі бірінші жылы бұл елде қант қосылған сусындарды тұтыну мөлшері 1,9%-ға төмендеді. Алайда екі жылдан кейін ол қайтадан өсе бастады

Ресейлік зерттеулер көрсеткендей, адамдар қанттың 55%-ын таза түрде тұтынады. Біздің есептеуімізше, құрамында қант бар сусындардың қазақстандықтар рационының калориялылығына қосқан үлесі төмен және шамамен 2%-ды құрайды. Кондитерлік өнімдерде, жемістерде және басқа да тәттілерде сусындарға қарағанда қант бірнеше есе көп.

Мысалы, 100 грамм балда 87% қант бар. Кептірілген құрмада — 63%, әйгілі шоколад батондарында – 60%. Бірақ неге екені белгісіз, олар “заңға қайшы емес”

Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, 100 грамм өнімде орташа есеппен 9,6 грамм ғана қант бар шырындар мен лимонадтар салауатты өмір салтына кедергі келтіреді екен.

Осы жерде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда семіздіктің нақты себебі болып табылатын басқа калорияларды неге назардан тыс қалдырды деген орынды сұрақ туындайды. Оған қоса, зерттеуде адамдардың жеке қалаулары мен ұстанымдары, мәдени дағдылар, сондай-ақ географиялық және экологиялық аспектілер сияқты маңызды факторлар ескерілмеген. 2018 жылы денсаулық туралы Кодекстің көпшілікке арналған тыңдалымында ДДҰ-ның Қазақстан бойынша жасаған баяндамасында негізгі мәселе ретінде құрамында тұзы жоғары ет өнімдерін көп тұтынуды атаған. Сонда, сусындардың не жазығы бар? Сосын,

адамдардың мықты денсаулығының кепілі рационнан қант пен тұзды азайту немесе алып тастау емес, іс-шаралар кешені болып табылады,

дене қимылы, жоғары сапалы профилактикалық медициналық шаралар, экология және басқалары сияқты, бірақ тыйым салу шаралары емес.

Халықаралық тәжірибе

Дүниежүзілік Банктің зерттеуінде тәтті сусындарға акциз енгізудің халықаралық тәжірибесі біржақты — тек салық енгізудің пайдасы тұрғысынан ғана қарастырған. Шын мәнінде, бұл тәжірибе екіұштылыққа ие, көптеген салдарлары әлі де дұрыс зерттелмеген және бағаланбаған. Кейбір елдердің тәжірибесі бұл шараның дұрыс емес екенін көрсетеді.

2015 жылы 40-тан астам елде және жекелеген аймақтарда мемлекеттік билік органдары алкогольсіз сусындарға акциз енгізуді қарастырды және қолдамады. Мысалы,

2014 жылы Мексикада осындай салықты енгізудің салдары 30 мыңнан астам шағын дүкендердің жабылуына әкелді.

Тіпті экономикасы жақсы дамыған елдер де мұндай салықтарды енгізуге өте сақтықпен қарайды және айқын қауіп төнген жағдайда оларды дереу алып тастайды. Мысалы,

Данияда 2012 жылы алкогольсіз сусындарды қоса алғанда, “зиянды” өнімдерге енгізілген акциз бір жылдан кейін жойылды.

Оған себеп оның экономикалық тиімсіздігі болды. Енді ше, даниялық тауарларды көрші елдердің соған ұқсас тауарлары жылдам алмастыра бастаса. Дания үкіметі  ҚҚС алынбағандықтан бюджеттің бұл салықпен жыл сайын шамамен 40 миллион еуро жоғалтатынын тез есептей қойды.

Мемлекеттік қолдау – ең “жоғары” деңгей

– Енді міне, дағдарыс кезеңінде  онсыз да ең қажетті арзан өнімдерді тұтынуға  жұмылдыратын трендті байқап отырмыз.

Тәтті сусындар қажетті саналатын негізгі өнімдерге жатпайды. Яғни, оларға акциздік салықсыз да сұраныс шектеулі

Теңгенің құнсыздануы, алкогольсіз сусындар шығаруға арналған қаптама мен бірқатар ингредиенттердің импортына жоғары тәуелділік, қымбат логистика және сатып алу бағасының өсуі өнім рентабельділігінің төмендеуіне алып келді.

HORECA секторы (қонақ үй-мейрамхана бизнесі. – Ред.) алғашқы карантиндік шаралар енгізілген сәттен бастап әлі қалпына келген жоқ. Бұл дегеніміз,

мейманханалар, қонақ үйлер мен мейрамханалар және қайта өңдеу өнеркәсіптері азық-түлікке деген сұраныстарын едәуір қысқартты деген сөз.

Бұл бір айға ғана созылмайдығ біраз уақытқа созылады. Сонымен қатар, халықтың табысы да айтарлықтай төмендеді, және сусындар бағасы өскеннен кейін оларды тұтынуды мүлдем тоқтатады.

Шығын немесе тоқтату

— Яғни, бизнесте акциздік салықсыз да шығын болып жатыр ма?

– Сатылым 7-10%-ға төмендеді. Салықтың өсуі тұтыну бағасының өсуіне әкеледі. Біркелкі өзгермелі сұраныс пен өнімнің маусымдық сипаты жағдайында бұл өндіріс көлемінің, өнімді сату мен экспорттаудың төмендеуіне, жұмыспен қамту мен негізгі капиталға инвестициялардың азаюына апарады. Жалпы, бұл саладағы жағдайды айтарлықтай қиындатады.

Алкогольсіз сусындар өндірісі негізінен оқшауландырылғандықтан, салықтардың артуы жергілікті өндірушілердің ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін және олардың экспорттық әлеуетін әлсіретеді. Қазірдің өзінде жекелеген кәсіпорындар жабылуда. Ал

біздің индустрияда бірнеше мың адам жұмыс істейді. Оған қоса біздің саладағы бір жұмыс орны аралас салаларда қосымша 7-ден 10-ға дейінгі жұмыс орнын құрайды.

Осыған орай қысқартылған жұмыс орындарының саны ондаған мың адамды құрауы мүмкін.

Яғни өндіріс үшін қайтымсыз салдарлардың ауқымы өте үлкен. Бізді ғылыми негізделген себептерсіз іс жүзінде жойылу режиміне ауыстырған кезде, мәселе жергілікті деңгейде бола алмайды. Шенеуніктер нақты жағдайды ескеруі керек. Бұл бүгін шешім қабылдайтындарға жүктелетін жауапкершілік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз