Коронавирустық инфекцияның жеңіл және орташа түрлерін емдеуде қабынуға қарсы препараттар мен антикоагулянттарды қабылдау ұсынылады.
«Көптеген жағдайда аурудың жеңіл немесе орташа дәрежеде өтетінін ескере отырып, бірақ оның ағымын жеңілдету және асқынулардың алдын алу үшін дәрі-дәрмектік қолдау қажет. ҚР ДСМ Медициналық қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссия амбулаториялық жағдайда емделетін пациенттерге арналған бес препаратты КВИ диагностикасы мен емдеу хаттамасына енгізуді мақұлдады. Бұл қабынуға қарсы препараттар парацетамол мен ибупрофен, сондай-ақ ривароксабан, апиксабан және дабигатран антикоагулянттары», — делінген хабарламада.
Аталған дәрі-дәрмектерді жақында тегін алуға болады.
Бұл препараттар амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар тізбесіне (ҚР ДСМ №666 бұйрығы), Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік препараттар тізіміне енгізілген.
Коронавирус инфекциясын емдеуде қолданылатын Байер (ривароксабан) түпнұсқалық ксарелто антикоагулянттарын, Пфайзер (апиксабан) компаниясы шығарған эликвисті, Берингер Ингельхайм (дабигатран) компаниясының прадаксін сатып алу бойынша өндірушілермен келіссөздер жүргізілуде», — деп атап өтті вице-министр.