Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Денсаулық сақтау министрілігі сандарды құбылтып, коронавирусты жеңіп келеді

245
Сурет: AP Photo / CDC

Вирус жұқтырғандардың соңғы уақытта ең төменгі деңгейде. Алайда бұған тек қабылданған шаралар ғана емес, есептеу әдістемесінің өзгеруі де әсер етті. Олай есептемеген жағдайда, қазір індет жұқтырғандардың саны рекордтық қарқынмен көбейер еді.

coronavirus2020.kz сайтынан алынған ресми деректер бойынша 7 маусымда Қазақстанда 165 жаңа вирус жұқтыру оқиғасы анықталды. Бұл 15 мамырдан бергі ең төменгі мән: ол кезде 161 факт анықталған еді. Бұдан кейінгі үш аптада орташа есеппен күніне 317 оқиға тіркелді. Сондықтан қазіргі көрсеткіштер төмен болып есептеледі. Сонымен қатар, ресми мәліметтер бойынша, жұқтыру деңгейі төрт күн қатарынан қысқаруда:

  • 3 маусымда Қазақстанда 271 оқиға анықталды
  • 4 маусым – 245
  • 5 маусым – 199
  • 6 маусым – 183
  • 7 маусым – 165.

Осылайша, осы уақыт ішінде жаңа жұқтыру деңгейі 40%-ға қысқарды. Өсім қарқыны да күрт төмендеді. Ресми деректерге сүйенсек 7 маусымда CОVID-19 жұқтырғандар саны 1,3%-ға өсті. Бұл Қазақстандағы алғашқы оқиға тіркелген уақыттан бергі  үш ай ішіндегі ең төменгі мән.

Сонымен қатар, 1-7 маусым аралығында бір тәулікте емделіп шыққандардың саны 4,6%- ға, сырқаттанғандар саны 1,9%-ға өсті.

Жаңаша санаймыз

Алайда соңғы күндері шыққан статистикасы коронавирус жоқ немесе оны жеңдік дегенді білдірмейді. Енді дәрігерлер басқаша санай бастады.

Бұл тиісті қаулыда айтылған:

«Бұрын Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын коронавирустық инфекция бойынша статистика жүргізді. Онда COVID-19 ауруының симптомдық және клиникалық белгілері жоқ жағдайлары ескерілді.

Бүгінгі күннен бастап коронавирустық инфекция ауруы бойынша барлық ресми көздерде COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ (симптомсыз тасығыштар) симптомдық тасығыштар мен жеке тасығыштар жеке көрсетіледі».

Статистиканы жүргізудегі өзгерістер симптоматикалық емдеуді қажет ететін науқастардың саны бойынша жағдайды көрсету қажеттілігімен түсіндіріледі.

Сонымен қатар,

COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ адамдар айналасындағыларға үлкен эпидемиологиялық қауіп төндіреді

Бұл халықаралық тәжірибе және  «түрлі елдерде» қолданылады.

Айта кету керек, Ресейде 27 мамыр күні Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық жағдайына шағымданбаған пациенттерді жалпы статистикаға енгізбеу туралы шешім қабылдады. Сол кезде «адамдар вирус тасымалдағанымен, одан көз жұмуы мүмкін емес» деп мәлімдеді. Егер қайтыс болған адамның қазасына себеп болған кез келген басқа ауруы болса, оның өлімінің себебі ретінде коронавирус емес, сол  ауру көрсетіледі.

Ал бұрынғыдай есептесек не болады?

3-7 маусым аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 357 симптомсыз тасымалдаушы анықталды. Олардың 313-і 7 маусым күні тіркелді. Бірақ жаңа есептеу бойынша бұл күн ең  төменгі көрсеткіш анықталған күн ретінде тіркелді.

Егер ескі әдістеме бойынша санасаңыз, республикада тәулігіне 478 факт анықталды. Ал бұл теріс рекорд.

Бұған дейін бір тәулік ішінде, 6 маусымда анықталған фактілер саны 540-ты құрады, оның ішінде ресми статистикаға тек 183-і ғана енгізілді. Осылайша, өзгерген әдістеменің арқасында рекордтық тәуліктік өсу мәндерінің орнына біз жұқтырудың төмендегенін көреміз.

Ресми деректерге сәйкес, 7 маусымның қорытындысы бойынша республикада CОVID-19 жұқтырған 12 859 адам  және 1 357 симптомсыз адам тіркелген. Яғни, соңғылардың жалпы сандағы үлесі орташа республика бойынша  9,5%-ды құрайды. Анықталған және тіркелген 9 фактіге дәрігерлер білетін, бірақ есепке алмайтын бір факті келеді.

Жаңа есептеу жүйесі өз нәтижесін көрсетті. Бір қарағанда халықты толық бақылау және карантиндік бұғаттау біз күткен нәтижеге алып келгендей көрінеді. Бірақ шын мәнінде солай ма?

Мысалы, есептеу әдістемесі өзгергенге дейін Солтүстік Қазақстан облысында вирус жұқтырған 61 адам анықталған еді.

3-7 маусым аралығында ресми статистика тағы үш оқиғамен толықты. Яғни өсім 4,5%-дан сәл артық болды.

Дегенмен, тағы 46 адам мұнда қоспауға шешім қабылдады, өйткені олардан ауру симптомдары анықталмаған еді. Яғни, бес күн ішінде аймақта 49 жұқтыру оқиғасы немесе өткен 2,5 ай көрсеткішінің 80%-ы анықталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз