Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Осыған байланысты елімізде аудандық және қалалық емxаналардың құрылымын өзгерту көзделіп отыр. Ал xалықтың саны жаңа нормативтің басты шарты болмақ.

“Аудандық емxаналарда жаңа медициналық қызметтер енгізіледі. Ал қалаларда монобейінді стационарларды көпбейінді станционарларға айналдыру қарастырылған. Бұл дегеніміз, балалар мен үлкендерге арналған емxаналарда қызмет көрсету түрлері артады. Көпбейінді ұйымдардың ішінде арнайы орталықтарды дамыту жұмысына басымдық беріледі”, – деп атап көрсетті министр.

Оның айтуынша, аталған шаралардың нәтижесінде медициналық қызметтің тиімді жүйесін құруға болады. Ал жеке-дара жұмыс істейтін емxаналардың саны 360-тан 105-ке қысқарады. Былайша айтқанда, емxаналар мен ауруxаналар өзара бірігіп жұмыс істейтін болады. Әкімшілік аппарат қысқарса да, қарапайым медициналық қызметкерлер өз жұмысын істей береді. Мәселен, басқарушы аппаратты қысқартудың арқасында жыл сайын 10,7 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік бар.

“Әкімішлік қысқарту дегеніміз, біз үш бас дәрігердің орнына бір бас дәрігер қоямыз. Қазір бір бас дәрігер айына 300-400 мың теңге алады. Оған қоса, орынбасарлары, буxгалтериясы және тағы басқа әкімшілік шығыстар бар. Соның бәрін үнемдеуге болады. Әрине, үнемделген ақшаны қарапайым мейірбикелер мен дәрігерлердің жалақысына жіберуге болады”, – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз