Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Денсаулық сақтау министрлігі: 3 жасар Ваня Михалкин дәрігерлердің кінәсінен қайтыс болды

199
Ваня Михалкин, time.kz сайтынан алынған сурет

Бала ветрянкамен ауырғаннан кейін, бір аптадан кейін, 2019 жылы 12 желтоқсанда, қайтыс болған. Жамбыл аудандық амбулаториясының дәрігері уытты энцефалопатия белгілерінің айдан анық көрініп тұрғанына қарамастан ибуфен жазып берген. Жедел жәрдем қызметі аяқ-қолы ісіп кеткен Ваняны

Қарасай аудандық ауруханаға жеткізгенде, осы мекеменің  дәрігерлері асқыну белгілерін байқамаған

Осыдан кейін өзі кешігіп келген жедел жәрдем қызметі баланы  қаланың бір шетінен екінші шетіне, Өтеген батыр ауылына апарған. Көп ұзамай сол жерде Ваня қайтыс болады.

Өлім алдында жатқан баланы ауруханалардың ортасында ары-бері  тасымай, Алматыда жедел көмек көрсетіп, аман алып қалуға болатын еді

Бірақ дәрігерлерге баланың өмірі емес, тұрғылықты тіркеуі маңыздырақ болған.

3 медициналық мекеменің қателігі

Баланың өлімі фактісі бойынша Алматы облыстық полициясы Қылмыстық кодекстің 317 бабының 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс аяқталды. Нәтижесі адам шошытарлық.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабаралмасында: «Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Алматы облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарасты департамент баланың әкесі И. Михалкиннің арызы бойынша Қарасай аудандық орталық ауруханаға, Алматы аймақтық клиникалық балалар ауруханасына тексеру жүргізді. Тексеруге педиатрия, балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы, жұқпалы аурулары саласындағы тәуелсіз сарапшылар тартылды», — делінген. Сарапшылардың пікірінше,

вирустық жұқпа кезінде Рея синдромының әсерінен баланың бас миы ісініп, нәтижесінде уытты жедел энцефалопатия дамыған

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Рея (Рейе) синдромы (жедел бауыр жетіспеушілігі және энцефалопатия, бауыр аруы) — балалар мен жасөспірімдерде кездесетін вирустық ауруларды (тұмау, қызылша, ветрянка) құрамында ацетисалицилді қышқылы бар дәрі-дәрмектермен емдеу кезінде пайда болатын, өте қауіпті жағдай, көбінесе өмірге қауіп төндіреді. Жедел энцефалопатия (бас миының ісінуінен) дамып, бауырға  май жиналады.  Рея синдромы кезінде өлім көрсеткіші  жеңіл жағдайда 15%-дан ауыр жағдайларда 80%-ға дейін жетеді.

Барлығы жазаланды

«Михалкиннің баласына көмек көрсетуге қатысқан медициналық мекемелердің барлығыннан емдеу-диагностикалық және ұйымдастыру-тактикалық сипаттағы тәртіп бұзушылықтар анықталды, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Департамент тергеу ісінің шешімін шығару үшін материалдарды Алматы облыстық полиция департаментіне және басқарушылық шараларды қабылдау үшін Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жіберді.

Сондай-ақ баланың ата-анасы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретін дәрілік препараттарды  сатып алғаны үшін Алматы аймақтық клиникалық балалар ауруханасының хирург-дәрігеріне ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар» туралы Кодексінің 424 бабының 2 тармағына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды.

Денсаулық сақтау басқармасы 2020 жылдың 10 қаңтарында Қарасай аудандық орталық аурухананың емдеу ісі бойынша орынбасарын жұмыстан босатты

Анықталған тәртіп бұзушылықтарға жол берген барлық медициналық қызметкерлерге тәртіптік жаза тағайындалды.

Алматы облыстық полиция департаменті 365info медиапорталына қылмыстық істі Іле аудандық полиция басқармасы тексеріп жатқанын хабарлады. Бірнеше сараптама тағайындалды. Денсаулық сақтау министрлігінің тексеру нәтижелері іс материалдарына қосылды. Полицейлер сарапшылардың қорытындысын алғаннан кейін  тергеудің соңғы қорытындысын шығарады.  Істі Алматы облысы полиция департаменті бақылауда ұстап отыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз