Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қырғыз құрлы болмадық-ау…

270

Олар ана хакастарды жағалап “біз сендерге бауырмыз” деген түсінікті оларға кәдімгідей мықтап тұрып таңып жүр. Осы интернетте қырғыздың сібір халықтары туралы түсірген деректі фильмдері өріп жүр, бұндайды бір қазақ істемеген екен.

Және осы қырғыздардың біздің саудада, “стройкада”

жалпы қандай жағдайда жүрсе де өздерін өзі кемсітіп “сорлы қырғыз” деп өзін өзі ірегенін өмірі көрмеппін. Керісінше, бұлардың “маңқа” деп кімді айтатынын білемін. Олар да маңқалардың бұл сөзді көтеретінін біледі, сосын айтады.

Өзбек “мин узбекмин өзиме бекмин” дейді және осы өзбектердің өз халқы туралы жаман сөйлегенін ешқашан көрмеппін. Ешқашан.

Ал дені дұрыс орыс өз халқы туралы ешқашан жаман айтпайды. Керісінше олардың қандай ұлылықпен ауыратынын күллі әлем біледі.

Ал ана кавказ халықтары өз халқы туралы жаман сөйлейтін өз шіріген жұмыртқаларын бір бұрышта жайратып кетеді екен, оны да бәрі біледі. Шәміл имамның “кішкентай халыққа үлкен қанжар керек” деген сөзі бар еді, бұл кавказдықтардың намысы қанжардай, рас ол. Былай қарасақ осы халықтардың басындағы проблемалар тап біздің басымызда да отыр.

Жақында Ошақбаев деген орыстілді қандасымыз “қазақты іштей іреп, ауызына келгенін құсатын осындай арамыздан шыққан бейпіл ауыздардан қорғау үшін арнайы заң қабылдау керек” деген бастама көтерген болатын, ол да бұндай сорлылықтан әбден мезі болған болу керек. Мен де осы бастаманы қызу қолдаймын, бізге осы мәселе бойынша арнайы заң керек және осындай заң бойынша бұндай керітатпалар дереу тұтқындалып, сотқа тартылып, сот шешімімен бір мерзімге көше сыпыруға айдалып, жазалануы тиіс.

Себебі, бұл біздің бойымыздағы орыстар “комплекс неполноценности” деп атайтын ауырумен қалайда күресу керек. Өкінішке орай біздің ұлттық диагноз осындай боп отыр.

Әйтпесе кезекті керітартпалар шыға кеп өз халқы туралы бір боқты тастап жіберсе бұған біздің қоғам шындық деп бас шұлғып, әбден разы боп, ұлардай шулап боққа шомылуын тоқтатар емес.

Бұл жерде тағы бір таңғалатын жайт осы айтқыштардың біреуінің де қазаққа жағатын күйесін жағарда нақты мысалмен “мен сондаймын”, “мен андаймын” деп өзінің атаулы кемшіліктерін тізгенін көрмеппін, әлде бұлар қазақ емес пе..

Қысқасы, бізге арнайы заң керек.

Олжас Әбіл

Фейсбук парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз