Алдағы демалыс күндері Сібір антициклоны Қазақстанның көп облысына ықпал етіп, күн суытады.
Қазгидрометтің хабарлауынша,
еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде түнде 25-30 градус аяз болса, шығыс аймақта сынап бағанасы 35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Ал еліміздің батысында ауа температурасы -10-15 градусты құрамақ.
Дүйсенбі күні Атлант мұхиты өңірінен жылы ылғалды ауа массасы келіп, барлық өңірде аяз сынады және қар жауады.