Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңның жаңа редакциясы декретте отырған жұмысшы аналарды 1 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған адекватты жәрдемақыдан айыруы мүмкін.
Елімізде бір қызық жаңалық орын алғалы тұр — жаңа туған балалар мен олардың ата-аналарын бала бір жасқа толғанға дейін төлем жасауға тең құқықтармен қамтамасыз ету. Заңды әзірлеушілер мұнымен не ұсынады?
Егер ата-ана еңбек қызметін қайта бастаса, 1 жасқа дейінгі балаларға төленетін төлемді мемлекеттік жәрдемақы деңгейіне дейін төмендету
Қысқаша айтқанда, қазір жұмыс істеп отырған аналарға бір жыл бойы жәрдемақы олардың шығындалған айлығының көлеміне байланысты МӘСҚ есебінен төленеді. Және бұл жерде оның қайта жұмысқа шығу-шықпауы маңызды емес болатын. Енді барлығын теңдестіру ұсынылды — баламен үйде отырғандар үшін де және жұмысқа ертерек шыққандар үшін де.
Светлана Жақыпованың айтуынша, 2020 жылы бұл минимум мынадай болады:
1 балаға — 15 050 теңге;
2 балаға — 17 794 теңге;
3 балаға — 20 512 теңге;
4 және одан да көп балаға — 23 255 теңге.
Қазір жақсы ақша тауып, декретке шыққан әйелдер шығындалған жалақының 30% алып отыр
Бірақ елде белгіленген 7 ең төменгі жалақының 40%-нан артық емес. Бүгінде бала күтіміне байланысты жәрдемақының ең көп мөлшері 89 мың теңге.
— Заң жобасы бойынша айтарым, еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылуы бойынша берілетін төлемдер ұлғаятын болады. Бірақ “жаңа туған балалар мен олардың ата-аналарының тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін ” деген тіркес маған ұнамай тұр. Және мағынасы дұрыс емес сияқты, — дейді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова. — Декретке дейін жұмыс істеген және жұмыс істемеген әйелдерді теңестіру әділетсіз. Қазақстандықтардың өздері жұмыс тобына өз ұсыныстарын жазатын болса, жақсы болар еді. Қоғамның пікірі өте маңызды. Бірақ менің жеке пікірім,
егер әйел декретке дейін жұмыс істеп, жақсы жалақы алып келген болса, оған төленетін төлемдерді қалдыру қажет
Дегенмен ол жақсы жәрдемақы алу үшін көп ресурс жұмсады.
Тағы бір депутат Кеңес Әбсатыров та бұл норманы әділетсіз деп санайды.
— Бұл түзету балалы болған отбасылардың әл-ауқатын мүлдем көтермейді, – дейді мәжілісмен. — Егер әйелдің декреттік демалыс кезінде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар болса, жәрдемақысын төмендетумен жазалауға болмайды.
Қазір отбасы мен балаға қарауға зиян келтірмей, қашықтан жұмыс істеуге көптеген мүмкіндік бар
Жоқ, бұл норма қоғамға пайда әкелмейді. Жұмыс тобы мүшелерінің назарын міндетті түрде аудартамыз.