Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Датым бар…”. Мүгедек қызын 30 жылдан бері бағып отырған ана Сапарбаевқа арызын айтты

146

«Мүгедек қызымның күтімімен үйде отырмын. Өзім жұмыс істемеймін. Қазір қызымның зейнетақысымен жан бағып жүрмін. Өтінішім бар. Өз еркімен жүріп-тұратын балаларға арнайы мектеп керек. Қызым маған, мен қызыма қарап отырамыз»,- деді Сәнімгүл Нысаналина.

Ақтөбе қаласында мүгедек балаларға арналған, аутизм дертіне шалдыққан балаларды емдейтін орталықтар салынады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында салынатын орталықтар балалардың уақытын тиімді өткізуге арналған.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға байланысты жұмыс жүріп жатыр. Хромтаудағы мыс компаниясымен бірге мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын саламыз. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекешелік серіктестікті әрі қарай дамытып, «Туған жерге тағзым» акциясын жалғастырамыз. Бізде кәсіпкер көп. Кейбірі жақсы көмек көрсетеді, кейбірі ештеңе істемейді. Олар кімнің, ненің арқасында кәсіпкер болғанын ұмытып кетеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген бар. Сондықтан барлық кәсіпкерді акция аясында жұмыс істеуге шақырамын»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз